Мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (58-2-2, 39 КО) келесі жекпе-жегі туралы ақпарат шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Инсайдер Майк Коппинджердің мәліметінше, "Канело" келесі айқасын 6 мамыр британиялық Джон Райдерге (32-5, 18 КО) қарсы өткізеді. Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы атағы сарапқа салынатын айқас Мексиканың Халиско қаласында өтетінге ұқсайды.
Альварес кейінгі рет былтыр қыркүйекте жұдырықтасып, қазақстандық Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Ал "Горилла" лақап атты Райдер кейінгі рет қарашада отандасы Зак Паркермен (22-1, 16 КО) жекпе-жекке шығып, екініш орта салмақта WBO ұйымының уақытша чемпионы атанды. Осы жеңіс арқасында Райдер WBO ұйымының суперорта дивизиондағы толыққанды чемпион "Канелоға" міндетті қарсылас атанды.