Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) басшысы Умар Кремлев әлем чемпионатына байкот жариялаған елдер туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Байкот жарысқа Ресей мен Беларусь боксшылары қатысатындығына байланысты болды.
"Халықаралық бокс қауымдастығы ретінде біз дербестігімізді қорғаймыз, бізге не істеу керегін үйретудің қажеті жоқ. Ғасырлар бойы қалыптасқан спорт мәдениетін құртқысы келетіндерден құтылу керек. Ондай кеселді адамдар, ондай шибөрілер болмас үшін. Спорт - ол мәдениет және құндылықтар, спорт басталған жерде, барлық қақтығыс бітеді. Бізде боксшыларда сөз бар, спорт саясаттан жоғары", - деп береді Кремлевтің сөзін legalbet.ru.