Британдық боксшы Крис Юбэнк (30-2, 22 КО) жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жегі қашан өтетінін айтты.
«Бұл жекпе-жек алдағы он екі айдың ішінде өтеді», – деді Юбэнк.
Бұған дейін орта салмақтағы WBA «уақытша» чемпионы Головкинмен рингте сәл ертерек кездесуді жоспарлап отырғанын айтқан: алты-тоғыз ай ішінде, – деп жазады Sports.kz. Геннадийдің жоспарларына келетін болсақ, ол желтоқсанда WBA-ның «тұрақты» чемпионы, жапон боксшысы Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізбек.
aikyn.kz