Геннадий Головкин орта салмақта WBA титулынан бас тартты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
40 жастағы GGG кубалық Эрисланди Ларамен жекпе-жектің промоутерлік саудасына қатысудан бас тартып, белбеуді бос қалдырды.
Бұл туралы Головкиннің заңгері Джон Хорневер WBA ұйымына арнайы хат жолдады.
Мұның алдында қазақстандық боксшы IBF чемпиондығынан бас тартқан болатын, енді онда IBO белбеуі ғана қалды.