Аса ауыр салмақта әлемнің экс чемпионы Энтони Джошуа WBC белбеуінің бұрынғы иегері Деонтай Уайлдерге қарсы кездесу өткізуге ниетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Қазірше келіссөз туралы ресми ақпарат жоқ. Бірақ боксшы бұл кездесудің 2023 жылы өтетініне сенімді.
"Бұл кездесу міндетті түрде болады. Біз Уайлдер екеуміз бір салмақта өнер көрсетеміз. 2023 жыл да алыс емес. Бұл бокс үшін мықты айқас болады. Сондықтан біздің кездесуіміз болады", - деп келтіреді боксшының сөзін The Sun порталы.
Еске салайық, Джошуа соңғы кездесуін тамыз айында өткізіп, украиналық Александр Усиктен жеңілді. Ал Уайлдер қазан айында финляндиялық Роберт Хелениусты бірінші раундта нокаутқа түсірді.