Британия астанасы Лондонда өткен бокс кешінің басты айқасында ауыр салмақтағы Энтони Джошуа (26-3, 23 KO) Финляндияның ұлты швед боксшысы Роберт Хелениусті (32-5, 20 KO) нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
12 раундқа есептелген жекпе-жек жетіншісінде нокаутпен аяқталды. Бірінші раундта Хелениус қарсыласын тықсыруға тырысты, алайда Джошуа бұған төтеп берді.
Ары қарай жекпе-жек қызықсыз өтті. Тек осы 7-раундта британиялық боксшы бір дәл соққымен жекпе-жек тағдырын шешті.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz