Қазақстандық боксшы Станислав Калицкий (10-1, 3 КО) кәсіпқой бокстағы он екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады Sports.kz.
Ол Ресейдің Екатеринбург қаласындағы бокс кешінде жергілікті спортшы Павел Маликовпен (16-3-1, 6 КО) жұдырықтасты. Екінші жеңіл салмақтағы бұл жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланды, алайда бесінші раундта Калицкийдің жеңісімен аяқталды. Айта кетерлігі, екінші және үшінші раундтарда Станислав нокдаунға түсіп, орнынан қайта тұрды.
Нокауттың видеосын төменде көруге болады.
Осылайша Станислав Калицкий кәсіпқой бокстағы он бірінші жеңісіне қол жеткізді, ал Павел Маликов төртінші рет жеңіліске ұшырады.