Бокстан Қазақстан чемпионаты: жартылай финалға жолдама алған боксшылар белгілі

Бокстан Қазақстан чемпионаты: жартылай финалға жолдама алған боксшылар белгілі

Тараз қаласында бокстан өтіп жатқан ХХІІ Қазақстан чемпионатының ширек финалдық бәсекесі аяқталды. Ертең жартылай финалға шыққан боксшылар финал жолдамасы үшін қолғап түйістірмек, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.
Ел біріншілігіне ұлттық құраманың №1 боксшылары қатысып жатқан жоқ. Дегенмен, бұл сында Азия мен әлем чемпионаттары, басқа да халықаралық жарыстардың жүлдегерлері өнер көрсетуде. Чемпионат аяқталғаннан кейін жүлдеге іліккен боксшылар құраманың оқу-жаттығу жиындарына шақырылады. Сонымен қатар, «Астана арландары» бокс клубының жаңа құрамын да осы біріншілікте ерекше өнерімен көзге түскен боксшылар толтыруы мүмкін.
Мерей Ақшалов былғары қолғабын шегеге ілгеннен кейін ұлттық құрамада 64 келіде №1 боксшыға баланған Азия чемпионы Айдар Әмірзақов ширек финалдан жарысты аяқтады. Самат Бәшеновпен болған кездесуде шығыс тарланы жеңіліс тапты. Бұдан бөлек, ұлттық құрамада 60 келіде өнер көрсеткен Ғани Жайлауов жартылай финалға өтті. Лондон олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін Ғани ел біріншілігінде 60 келі салмақ дәрежесінде күміс (Астана, 2012) және қола (Атырау, 2013) медаль еншілеген еді. Биыл салмақ ауыстырған ол 64 келіде сайысқа түсуде. Жамбылдық боксшы Олжас Сәттібаев та бұл чемпионаттағы басты фавориттердің бірі. Ол ертең жартылай финалда астаналық Мадияр Жанұзақпен кездеседі.
Барлық салмақ дәрежелері бойынша ширек финалдағы кездесу нәтижелері төмендегідей:
49 келі:
1 жұп. Мардан Берікбаев (Алматы обл) – Садықов (Алматы қ). 3:0
2 жұп. Рауан Наметов (Ақтөбе) – Жомарт Ержан (ОҚО). 0:3
3 жұп. Шерхан Сүгірбек (Жамбыл обл) – Дулат Дәуітов (Қызылорда) 3:0
3 жұп. Олжас Байниязов (ОҚО) – Теміртас Жүсіпов (Ақмола обл). 0:3
52 келі:
1 жұп. Мирас Жақыпов (ШҚО) – Қуаныш Сабыр (Павлодар). 3:0
2 жұп. Азамат Исақұлов (Маңғыстау обл) – Әнуар Мұзафаров (Алматы қ).  2:1
3 жұп. Олжас Сәттібаев (Жамбыл обл) – Сағындық Молдашев (БҚО).  3:0
4 жұп. Мадияр Жанұзақ (Астана) – Азат Махметов (Астана). 2:1
56 келі:
1 жұп. Жанболат Тілегенұлы (Алматы қ) – Азат Айғожинов (Павлодар).  2:1
2 жұп. Нұрсұлтан Көшеғұлов (Ақмола обл) – Дидар Өтелбаев (Алматы обл).  3:0
3 жұп. Жанболат Қыдырбав (Жамбыл обл) – Ерғалиев (Маңғыстау обл).  3:0
4 жұп. Әділет Құрметов (ШҚО) – Алмас Жақыпов (Жамбыл обл). Бұл кездесуде Алмас Жақыпов жеңіске жетті.
60 келі:
1 жұп. Дархан Жұмсақбаев (Астана) – Айбек Балтиев (ОҚО).  3:0
2 жұп. Ержан Мусафиров (Қарағанды) Илясов (ШҚО).  2:1
3 жұп. Жәнібек Күшенбаев (Жамбыл обл) – Жандос Момынов (Ақмола обл).  2:1
4 жұп. Бағдат Уайдаев (Қызылорда обл) – Зәкір Сафиуллин (ОҚО). 0:3
64 келі:
1 жұп. Алмасбек Әлібеков (ОҚО) – Әсет Қасымов (Павлодар обл). Бұл кездесуде Алмасбек Әлібеков жеңіске жетті.
2 жұп. Мақсат Жексенбі (Қарағанды обл) – Асхат Уәлиханов (Алматы қ). Бұл кездесуде Мақсат Жексенбі жеңіске жетті.
3 жұп. Ғани Жайлауов (Жамбыл обл) – Жәнібек Әжібай (Маңғыстау обл).  2:1
4 жұп. Самат Башенов (Астана) – Айдар Әмірзақов (ШҚО).  2:1
69 келі:
1 жұп. Сағадат Рахманқұлов (Жамбыл обл) – Абай Төлеш (Қызылорда).  3:0
2 жұп. Қанат Маралов (ШҚО) – Мадияр Әшкеев (Маңғыстау обл).  3:0
3 жұп. Рустам Шаймердинов (Қарағанды) – Бекзат Халметов (ОҚО). 3:0
4 жұп. Сүлейман Бердукаев (Маңғыстау обл) – Асланбек Шынбергенов (Жамбыл обл). 3:0
75 келі:
1 жұп. Сапарбай Айдаров (Алматы қ) – Жаңабай (Астана қ).  3:0
2 жұп. Мейірім Нұрсұлтанов (Астана) – Айдос Ербосынұлы (Алматы обл).  3:0
3 жұп. Нұзат Сабиров (ОҚО) – Нұрсұлтан Жаңабай (Жамбыл обл). Нұзат Сабиров 2 раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
4 жұп. Ерік Әлжанов (Маңғыстау) – Рустам Сыбай (Қызылорда).  3:0
81 келі:
1 жұп. Нұрдаулет Жарманов (Ақмола обл) - Әли Нұрматов (Алматы қ).  3:0
2 жұп. Нұрлбек Сағымбаев (Қарағанды обл) – Нұрбол Алтаев (ОҚО). 3:0
3 жұп. Тұрсынжан Құлахмет (Қызылорда обл) – Арман Рысбек (Алматы обл). Арман Рысбек 3:0 есебімен жеңіске жетті.3:0
4 жұп. Әли Ахметов (Алматы обл) – Вадим Казаков (Ақмола обл).  3:0
91 келі:
1 жұп. Асқар Абдуллаев (ОҚО) – Әділжанов (Атырау обл).  3:0
2 жұп. Мұхамеджан Еркін (ОҚО) – Мұрат Құралбаев (Жамбыл обл). Бұл кезедсуде Мұхамеджан Еркін жеңіске жетті.
3 жұп. Алмат Серімов (Қарағанды обл) – Тимур Қабиев (Қостанай обл). Бұл кездесуде Алмат Серимов жеңіске жетті.
4 жұп. Арбек Абуғаниев (Алматы обл) – Алексей Севостьянов (Қарағанды обл).  3:0
+91 келі:
1 жұп. Қанағат Ахметов (Алматы обл) – Евгений Егембердиев (Жамбыл обл). 0:3
2 жұп. Айтас Тойбаев (Алматы обл) – Нұржан Бекзатов (ОҚО). 0:3
3 жұп. Кенже Аманжолов (Маңғыстау) – Руслан Мырсатаев (Алматы обл).  3:0
4 жұп. Әли Балоев (Алматы обл) – Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда обл). 0:3

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста