Бокстан биылғы Азия чемпионаты Үндістаннан Біріккен Араб Әмірліктеріне ауыстырылды. Құрлық додасы 21 мамыр мен 1 маусым аралығында Дубайда өтеді. Бұл туралы Азия бокс конфедерациясы хабарлады.
Турнирді Нью-Делиден Дубайға ауыстыруға Үндістандағы коронавирусты инфекцияға байланысты жағдайдың ушығуы себеп болып отыр.
Азия бокс конфедерациясы құрлық чемпионатын Олимпиада қарсаңында ұйымдастырып, үздік боксшылардың дайындалуына себеп болмақ.
Айта кетелік, Дубайда ерлер мен әйелдер он салмақ дәрежесінде сынға түседі.
Азия біріншілігі былтыр өтуі тиіс болатын. Алайда, пандемияға байланысты 2021 жылға ауыстырылды.