Мексикалық Хильберто Рамирес (44-0, 30 КО) ресейлік Дмитрий Биволмен (20-0, 11 КО) жекпе-жек алдында Калифорнияда ашық жекпе-жек өткізіп, өзін аутсайдер деп есептейтіндігіне қатысты не ойлайтынын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы vesti.kz тілшісі Allboxing.ru сайтына сілтеме жасап жазды.
Биволға тиесілі жартылай ауыр салмақта WBA белбеуі сарапқа салынатын жекпе-жек 5 қараша Абу-Дабиде өтеді.
"Ондай пікір мені алаңдатпайды, өйткені мен Мексикада өстім. Менде ештеңе болмады, ал енді бәрін алып кетуге келдім. Ол мықты боксшы, бұл ауыр сын болады. Ол "Канелоны" жеңді, сондықтан мен мұқым Мексика халқы үшін есе қайтарғым келеді. Тамаша айқас болады деп ойлаймын. Дмитрий бұл жекпе-жекке жақсы дайындалады. Оның да мотивациясы өте жоғары. Нағыз айқас болады", - дейді ол.