Таиланд астанасында 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында жартылай финал айқастары өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Рингке бірінші болып 48 келіде өнер көрсететін Санжар Тәшкенбай шықты. Оның қарсыласы жергілікті боксшы Наттхапхонг Тхуамчароен болды. Санжар қарсыласын ұпай санымен жеңіп, финалға өтті.
Санжар Тәшкенбай - жастар арасындағы әлем біріншілігінің (2021) және ересектер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы (2022).