Бекзатты еске түсіруге арналған турнир басталды

Түркістан қаласында Сидней Олимпиадасының чемпионы, Түркістанның тумасы Бекзат Саттархановты еске түсуреге арналған бокстан жастар арасында дәстүрлі дода басталды, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.

Бүгінде құйрықты жұлдыздай жарқ етіп сөнген Бекзаттың ерлігі мен жеткен жетістіктерін  қазақ жанкүйерлері түгілі күллі әлем біледі деп айтсақ қателеспейміз.  Олимпиада ойындарының жеңімпазы бұл фәниден өтсе де, оның есімі, оның рухы өлген жоқ. 

Талай бозбаланың былғары қолғапты серік етіп жүргені сол 2000 жылы Бекзаттың Сиднейде топ жарған ерлігі себеп болды десек артық айтқандығымыз емес. Сол батыр ұлды еске алу үшін  Түркістан қаласында жыл сайын «Бекзат Саттарханов» атындағы турнир ұйымдастырылып келеді.

Бұл үрдіс биыл да ұмыт қалған жоқ. Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында Сидней олимпиадасының чемпионы, Түркістанның тумасы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан жастар арасындағы халықаралық турнир басталды. ХІІІ-рет ұйымдастырылып отырған доданың ашылу салтанатына биыл Бекзаттың ата-анасы мен Олимпиада чемпиондары Серік Сапиев пен Бахыт Сәрсекбаев қатысып, алғы сөздерін арнады.
Бекзаттың құрметіне арналған турнирде бағын сынауға еліміздің барлық облыстары мен Қытай, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей секілді шет мемлекеттерден 200-ге жуық жас спортшы қатысуда. Халықаралық бәсеке Бекзаттың туған күні яғни, 4 сәуірде өз мәресіне жетпек. Ақтық кездесулер сол күнге жоспарланған. Оған дейін шын мықтылар шаршы алаңда қолғап түйістіретін болады. Жеңімпаздарға спорт шебері атағы берілмек.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста