Жеңіл салмақта ең мықты проспектердің бірі америкалық Райан Гарсия қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альваресті жеңеді деп есептейді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Мұның алдында Гарсия бапкер Эдди Рейносодан кеткен болатын. Өйткені маман бар назарын тек "Канелоға" ғана салады екен.
"GGG тамаша айқас өткізеді деп ойлаймын. Мен оған бәс тігемін", - дейді Гарсия DAZN-ға берген сұхбатында.