Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев Астанада өзіне қатысты даулы оқиға жөнінде түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Артаев қызға қол жұмсамағанын айтты. Сонымен бірге, ол қыздың әлдекімнің тапсырмасы бойынша әрекет етуі мүмкін екенін топшылайды. Боксшы бүгін Лондонға оқуға кетуі керек болған, бірақ осы оқиғаға байланысты кідірген.
"Би алаңында досыммен бірге тар жолмен өтіп бара жатқанмын, кейін айқай естідім де артқа бұрылдым. Кімнің айқайлағанын түсінбедім. Қарасам, досым қызды ұстап тұр, ол айқайлап, біреуді ұрғысы келіп жатыр. Ол мені таныды. Досым қызды сабырға шақырды. Ол қызды босатқан кезде, қыз келіп, мені ішімнен бір тепті. Мен ол туралы айтқым келмеген, бірақ қазір сараптамадан өттім, көзімнің астына дақ түскен. Оны аяғынан ұстап үлгердім, қолынан ұстамадым. Содан кейін оны итеріп жіберіп, кетіп қалдым. Оның ілік іздеп тұрғанын түсіндім де, бірден кетіп қалдым. Ол мас болды", - деді Артаев.
"Менің әйелім оны теледидардан көрген кезде, бірден ол алаяқ қой деді. Бәлкім, бұл көре алмаушылықтан жасалған шығар. Бір жарым апта бұрын ештеңе болмаса да, шудың шыққаны белгілі. Мен ешкімнің алдында өзімді ақтауға тырыспаймын, бірақ бұл жағдайды түсіне алар емеспін. Бірнәрсені айтқым келеді, Айсұлу Ыбрашованы қолдайтын адамдар болуы мүмкін. Ештеңе болмаса, ол неге бұлай дейді? Менің білуімше, ол "Самұрық-Энерго" компаниясында хатшы-референт болып жұмыс істейді. Әңгімелескен кезде ол Серік Оспанов, Өмірзақ Шөкеев есімдерін атады, бірақ олардың болған жағдайға мүлдем қатысы жоқ. Мен білетін адамдардан ол өзіне қоңырау шалуды сұрады, кейін оны диктофонға жазып алып, әлеуметтік желіге орналастырды", - деп түсіндірді спортшы.
Адвокат Жарқынбек Жұмыровтың айтуынша, 2 маусым күні қылмыстық іс қозғалды, бірақ бұл - Артаевтың кінәсі бар деген сөз емес. "Қазір тергеу жүріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, куәгерлер Артаевтың дене жарақатын келтіргенін көрмеген", - деді ол. Оның айтуынша, түнгі клубта бейнекамералар болған, бірақ олар жұмыс істемейді.
Еске сала кетейік, Бақтияр Артаев Fashion түнгі клубында болған оқиға бойынша қозғалған қылмыстық іс фигуранты атанған еді. Астана қаласы ішкі істер департаментіне Айсұлу Ыбрашова есімді тұрғыннан шағым келіп түсті, ол 29 маусымға қараған түні Артаевтың өзін бетінен ұрғанын айтты. Қазір бұл дерек бойынша тергеуалды тексеріс жүріп жатыр, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
Ал Fashion клубының күзетшілері қыздың әрекеттерін жоққа шығарды. Олар Артаевтың клубқа келген қызды ұрғанын көрген жоқпыз деп отыр.
Бақтияр Артаев: Айсұлу Ыбрашова мас болды
Читайте также
Последние статьи автора