AIBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) Инчхонда өткен ХVІІ жазғы Азия ойындарында ешбір боксшының басын жарақаттап алмағандығын (миы шайқалмағандығын) ресми түрде мәлімдеді, деп жазады "Алаш айнасы".
"ХVІІ жазғы Азия ойындарында ешқандай боксшы басын жарақаттап алған жоқ (миы шайқалған жоқ), бұл AIBA шешімінің дұрыс болғандығын білдіреді", – деп жазды Халықаралық бокс қауымдастығы ресми сайты.
AIBA бұл жерде боксшылардың дулығаны (шлемді) шешкендерін дұрыс болды деп, өз пікірлерін баяндап отыр. ХVІІ жазғы Азия ойындары бағдарламасында ерлер дулығасыз айқасқан болатын. Осы дүбірлі додада AIBA барлық жекпе-жектерді бастан-аяқ бақылап отырыпты.
"Инчхон рингінде тек екі техникалық нокаут (TKO) тіркелді, бірақ медициналық сынақтар екеуінде боксшылардың бастарын жарақаттап алмағандарын көрсетті", – деп жазады AIBA-ның ресми сайты.
Осы ретте, боксшылар дулығасыз айқасқанда жарақат көп болады деп, қобалжудың қажеті аз екендігіне көздері жете бастағаны тілге тиек еткен.
Әрі Азия ойындарынан кейін AIBA ерлер арасындағы барлық жекпе-жектерді бақылап отырудың жаңа жүйесін енгізуді жоспарлап отырғандарын көлденең тартып отыр. Сонда кезкелген жарақаттың қадағаланып отыратындығына кепілдік беріледі екен.
Ең бастысы, бастан жарақат алып қалу қаупін мейілінше азайту үшін, AIBA өте қатаң ереже қабылдап отыр. Енді білдірмей немесе байқамаған болып баспен ұрып жіберетін, итеріп қалатын тактикалық қитұрқы әдеттерге тыйым салынады.
AIBA сарапшыларының пікірінше, қазірдің өзінде қарсыласын осылай жеңуге тырысатындарды қатаң бақылауға алудың нәтижесі бірден байқалған. Атап айтқанда, бастан жарақат алу қаупі 3 пайызға төмендепті. AIBA енді бастан жарақат алу (ми шайқалу) қауіпіне қобалжудың қажеті жоқ деп отыр.
"Себебі уақыт өткен сайын боксшылар да төселіп алған, жарақат алып қалмауды ойлап, техникалық шеберліктері шыңдала түскен. Бапкерлерде жарақат алып қалмау үшін не істеу керек екендігін біледі, оны шәкірттерінің ұлақтарына құйып жүр. Төрешілер де өз міндеттерін жақсы біледі", – деген мағынада тұжырымдайды өз ойларын AIBA мамандары.
Азия ойындарында бастан жарақат алған боксшы болған жоқ – AIBA
Последние статьи автора