Жартылай орта салмақтағы екі дүркін әлем чемпионы, Куба тумасы, Мексика азаматы Хосе Наполес 79 жасында қайтыс болды. Спортшы өзінің Мехикодағы үйінде көз жұмды, деп хабарлайды Independent.
Боксшының бірінші титулдық жекпе-жегінен бері елу жыл өткен. Ал оған дейін Наполес кәсіпқой рингте 64 кездесу өткізген. Өзінің карьерасын 81-7 рекордымен аяқтады, қарсыласын 54 кездесуде нокаутпен жеңді.
БАҚ спортшының жұмсақ техникасына байланысты Mantequilla (май) деп атаған. The Ring журналы жыл боксшысы деп таныған (1969).
Тағы оқыңыз: Қазақстан чемпионы адам өлтірді деген күдікпен ұсталды
1990 жылы есімі дүниежүзілік бокс даңқы залына енгізілді.