Аты аңызға айналған боксшы Головкинмен айқасқысы келетінін айтты

Аты аңызға айналған орта салмақтағы боксшы 46 жастағы аргентиналық Серхио Мартинес ұлыбританиялық Брайан Роузды жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жекпе-жек Мадридте (Испания) өтті. Барлық он раундтың қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті бірауыз шешіммен (97-94, 96-94 және 96-94) Мартинеске берді.

Кездесу қарсаңында Мартинес RingTV-ге берген сұхбатында орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта мен тек карьерама және титул үшін қайта күресу мүмкіндігін іздеуге көңіл бөліп жүрмін. Геннадий Головкин, Риота Мурата, кіші Крис Юбенка немесе басқа біреуге қарсы болсын, мен титулдық жекпе-жегімді іздеуде бәрін тастауға дайынмын. Маған көрме жекпе-жектің керегі жоқ. Мен нағыз белбеу жеңгім келеді", - деді Мартинес.
 Tengrinews.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста