Ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы әйгілі америкалық Джордж Форман аңызға айналған боксшы Майк Тайсонның рингке оралу ойын құптамады, - деп хабарлайды vRINGe.com.
"Ол бокс үшін онсыз да шынымен ұлы істер жасады. Оған енді ештеңені дәлелдеудің қажеті жоқ. Онсыз да Бокс даңқының халықаралық залына атын жазған. Ол сұмдық панчер болғанын бәрі де біледі", - дейді Форман.
Айта кетейік, Форманның әйгілі Мохаммед Әлимен 1974 жылғы Африканың Заир мемлекетінде өткен жекпе-жегі "Джунглидағы айқас" аталып, бокс тарихында ең үлкен жекпе-жектердің бірі ретінде жазылған.