Әлімханұлына мықты қарсылас табылды
Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы британиялық Лиам Смит пен Крис Юбенк жекпе-жегінің жеңімпазымен айқасуы тиіс. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында британиялық журналист Бен Смит осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.
Қаңтарда Смит төртінші раундта Юбенкті нокаутқа түсіріп, сенсация жасады. Осыдан кейін Юбенк бірден қарымта сұрады. Екінші жекпе-жек 1 шілде Ұлыбританияда өтеді.
"Әлімханұлына белбеуін қорғауға мықты қарсылас табылмай жатыр. Ал Смит пен Юбенк айқасынан ол мықты қарсылас таба алады. Егер жекпе-жек Ұлыбританияда өтсе, одан қомақты қаржы да түседі. Айқасты қашан ұймдастыруға болады? Күзден ерте емес. Оған дейін Әлімханұлы қарсылас тауып үлгермейді, Чарломен келісімге келмесе. Ал Смит - Юбенк кездесуінің жеңімпазымен айқас бүкіл орта дивизионға дүркірейді", - дейді Бен Смит.