Әлімханұлы жеңіліп көрмеген чемпионмен екі титул үшін айқасады
Орта дивизионда WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) екінші белбеу үшін айқасады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Инсайдер Майк Коппинджердің мәлімтеніше, Жәнібек IBF белбеуіне ие германиялық Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 КО) айқасқа шығады.
Жекпе-жек Top Rank промоутерлік компаниясы 14 қазан АҚШ-тың Розенберг қаласында ұйымдастыратын бокс кешіне жоспарланған.
Бұл айқаста Әлімханұлы чемпиондығын үшінші рет қорғайды.
Гуальтьери кейінгі рет рингке 1 шілдеде шығып, төрешілер шешімімен бразилиялық Эскива Фалкаоны жеңді де, Головкин бос қалдырған IBF титулын иеленді.
Винченцо бұған дейін Германиядан тыс жұдырықтасып көрмеген екен.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz