Орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) мен британдық боксшы Дензел Бентли (17-2-1, 14 КО) арасындағы кездесуде қанша соққы жасалғаны анықталы, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
CompuBox ақпараты бойынша, бұл кездесуде Бентли жалпы 615 соққы жасаған. Оның ішінде 159 соққы дәл тиген. Әлімханұлы болса 535 соққы жасап, оның 187 соққысы діттеген жеріне дәл бағытталған.
Джек көрсеткіштері бойынша 246-180 есебімен Әлімханұлы алда. Ал ауыр соққылай бойынша Бентли мықты. Есеп 435-289.
Бүйірден жасаған соққы бойынша да 41-26 көрсеткішімен ұлыбританиялық алды тұр. Ал ауыр әрі дәл соққылар 137-125 көрсеткішімен Жәнібекте басымдық.
Еске салайық, бүгін Лас-Вегас қаласында өткен бұл кездесуде отансымыз төрешілер шешімі бойынша 116-112, 116-112, 118-110 есебімен жеңіп, белбеуін сақтап қалды.