Әлемдік рейтингте Жәнібек пен Батырдан асып түсті. 17 жастағы қазақ боксшы елдегі ең мықты проспект атанды
Жеңіл салмақтағы қазқстандық Еркебұлан Баққожа (3-0, 2 КО) Box.Rec тұжырымынша ең мықты проспект атанды. Қазақ боксшы үш-ақ жекпе-жектен кейін едегі ең үздік бес боксшының тізіміне кіріп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазіргі таңда ол 19,98 ұпаймен тізімде Геннадий Головкин, Қанат Ислам, Данияр Елеусінов пен Айдос Ербосынұлы сияқты боксшылардан кейін бесінші тұр. Дегенмен ол Жәнібек Әлімханұлы және Батыр Жүкембаевтан жоғары екен.
Еркебұлан карьерасын 21 қараша Алматыда бастаған, ол кезде төрешілер шешімімен Мирас Пірмановты жеңді. Қалған екі боксшыны бірінші раундта нокаутқа түсірген. Осылайша, мықтылар қатарына кіру үшін оған алты раунд қана қажет болған екен.
Айта кетейік, 17 жастағы боксшының ісін New Names Promotions компаниясы жүргізеді. Оның басшысы беліглі бапкер Сағатбек Мұсаханов. Маман Али Ахмедов пен Жанқош Тұраров сияқты боксшыларды жаттықтырған.