Бүгін, 26 қаңтарда Азия чемпионатының финалдық айқастары өтуде., - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
22 жасқа дейінгілер арасындағы Бангкокта өтіп жатқан турнирде шаршы алаңға Қазақстан атынан Махмұт Сабырхан да шықты.
Үшінші жұпта Махмұт Сабырхан (57) таиландтық Саравут Суктхетпен жекпе-жекке шығып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Бұл кездесуде ринг қожайыны қазақ боксшысын құшақтай беріп, қолын байлай берді. Дегенмен Сабырхан одан басымдығын көрсете алды.