Бокстан әлем чемпионатына бойкот жариялайтын 20 ел Нидерланды жерінде балама турнир өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Жаңа Зеландия бокс қауымдастығының басшысы Стив Хартли мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Таңғысын Zoom арқылы альянстағы 20 ел өкілімен кездесу өткіздім, ол елдердің ешбірі Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастыратын бірде-бір шараға енді қатыспайды. Ерлер арасындағы әлем чемпионатының орнына Нидерландыда балама турнир өтеді", - деп береді функционердің сөзін Stuff басылымы.
Еске салайық, әйелдер арасындағы ӘЧ наурыз айында Нью-Делиде, ал ерлер арасындағы әлем біріншілігі мамыр айында Ташкентте өтеді.