Зейнеткерлерге жаттығу залына тегін жолдамалар берілді

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты «Белсенді ұзақ өмір «Активное долголетие» қалалық бағдарламасын іске асырудың аясында ауданның қарт тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуге арналған кешенді іс-шараларды жүзеге асыруда, - деп хабарлайды Алаш айнасы.

Нақты айтқанда, жыл басынан бері зейнеткерлерге тегін тіл курстары, қаланың көрікті орындарына саяхат, таңғы қара жорға биі мен фитнес жаттығу сынды іс-шаралар ұйымдастырылып, аталған шаралармен 2000-ға жуық адам қамтылды. 

Зейнеткерлердің өмір сүру ұзақтығын арттырудың бір жолы - спорт нысандарының қол жетімділігін арттыруы арқылы егде жастағы азаматтарды бұқаралық спортпен белсенді шұғылдануға баулу.

2018 жылдың 27 шілде күні Медеу ауданы әкімінің аппараты «Fightclub.kz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесе отырып, аудан зейнеткерлеріне «Fightclub» жаттығу залына тегін жолдамалар беруге арналған салтанатты шара өткізді. 

Аталған шараға Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Майлыбаев, Медеу аудандық ардагерлер кеңесінің белсенділері мен аудан зиялылары, сондай-ақ спорт қауымдастығының өкілдері қатысты.

Алматы қаласы тұрғындарының 12 пайызын зейнеткерлер құрайды. Ал, Медеу ауданында тіркелген зейнет жасындаға тұрғындар саны 27 266 адам. Қала бойынша зейнеткерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 75,9 жас және бұл еліміздегі өзге өңірлермен салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіш.

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста