Ағымдағы жылдың 25 маусым – 1 шілде аралығында «Самал» емдеу-сауықтыру орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы, Жамбыл облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Жастар ортасындағы этносаралық қатынастар мәдениеті» тақырыбындағы Жазғы мектеп өтіп жатыр.
Семинар-тренингке Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің жас көшбасшылары да қатысты. Негізгі аудиториясы облыстар, Астана, Алматы және Шымкент ққ. жас мемлекеттік қызметшілері болды,
Семинар-тренинг жұмысы барысында мынадай мәселелер талқылануда: «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде айқындалған жалпыұлттық бірілік пен бірегейлікті қалыптастыру бойынша міндеттердің мәнін ашып көрсету; Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясының қорытындысы бойынша қоғамдық сананы жаңғырту мен қазақстандық бірегейлікті берік етудегі міндеттерін жүзеге асыру тетіктерін талқылау; қоғамдық қатынастардағы діни ағымдарды қарастыру және деструктивті діни ағымдарға қарсы іс-қимыл әдістерін анықтау; қоғамдық және этносаралық келісім мәселелері бойынша тәжірибе және пікір алмасу.
25 сәуірде жастар алдында Нәзипа Шанаи «Қазақстан халқы Ассамблеясы: жастар ортасында бірегейлікті нығайту міндеттері», Талғат Қалиев «Ре-исламизация және мұсылман қауымдастығының күрделену жағдайындағы ТМД елдеріндегі мемлекеттік конфессиялық қатынастар сын-тегеуріндері» Талғат Қалиев «Сәтті әлеуметтену және мән-мағыналық қақпандар», Ахмет Ярлыкапов «Мемлекет және мұсылман қауымы: әрекеттесу алаңы» тақырыптарында баяндама жасады.
Бүгін Шерход Пулатов «Қазіргі Қазақстандағы діни құндылықтар» тақырыбында миға шабуыл түрінде өткізді.