Ынтымақ пен берекенің бастауы

Рая ЕСКЕНДІР

 

 

Көктем келсе көрікті қыз­дай құлпырып сала беретін Алматы­ның әр бұрышында, міне, бір ай бойы әз-Наурыз тойланып жатыр. Әсіресе, білім шаңырақ­тары мен мек­тепке дейінгі меке­мелердегі өтіп жатқан мерекелер тіпті ерекше мазмұнда. Сондай бір тамаша мереке Әуезов ауда­нындағы №97 жалпы білім беретін мектеп ауласын­да өтті. Бір шаңырақ астында бірнеше ұлт балалары тату-тәтті өмір сүріп, білім алып жатыр. Сондықтан олардың негізгі тақырыбы әз-Наурыз бен ұлы достыққа арналды.

Кең аула алып киіз үй іспетті безендірілген. Алты­бақанға тер­белген оқушылар­дың жүзі тіпті шат. Әсем әуен тек мектеп ауласын ғана кернеген жоқ, көрші үйлердің тұрғындары да мерекені сырт­тай қызықтап қарап тұрды. Сонымен, жаңару мен жасам­паздықтың бастауы, достық пен ынтымақтың, дәулетті тіршілік атаулының бұлақ көзі болған әз-Наурыз тойы басталып, көктем­нің келгенін «сүйіншілеп» біл­дірген, театрлан­дырылған көрініс көрсетілді. Барша мереке қонақ­тары мен мектеп ұжымын осынау білім шаңырағы­ның басшысы Зоя Қойшыбаева құттықтады.

– Қазақ халқы ертеден-ақ Наурыз келді, құт кірді, ырыс келді» деп көктемнің келгеніне қуанып, бірліктің, берекенің кезеңі басталды деп айрықша құрметтеген. Шынымен де күннің көзінің жылуы баршамызға көтеріңкі көңіл-күй ғана сыйлап қойған жоқ, білімге, еңбекке деген ынтамызды да арттыра түскендей. Бүгінгі мереке үстінде жақында ғана «Алтын қолдар» деп аталатын халық­аралық сәндік қолданбалы байқауға қатысып, бірінші дәрежелі жүлдені жеңіп алған 11-сынып оқушысы Никита Малофеевке арнайы дипломды табыс еткелі тұрмын. Біздің мек­теп бүгін осындай қос қуанышты тойлап отыр, – деген Зоя Қашқын­байқызы жеңім­пазбен бірге оның жетекшісі О.Тимо­щен­коны да құт­тықтады.

Мектептің хор ұжымы «Ғажайып әлем» әнін орындаса, 11-сынып оқушылары «Наурыз» атты флешмоб биді биледі. Мектептің 5-сыныбында оқитын кішкентай бишілер «Калин­ка» биін, 6 «а» сынып оқушысы Ека­терина Фокина «Хорезм» биін, «Эдельвейс» би тобы «Павлиндер» биін, Анастасия Семенова «Мен қазақтың қызымын» әнін, 5 «а» сынып оқушысы Анастасия Мачнева ізгі тілегімен, 7-сынып оқушылары әдемі биімен, 9-сынып оқушы­лары «Сүгір» биін билеп, мере­кенің көркін кіргізді. Ізгілікке толы мереке өте көңілді әрі мазмұнды болып өтті. Ұлттық ойындарға да кезек берілді. Әсіресе, 9–11-сынып оқушыла­ры­ның «Кім жылдам жейді?» жарысы өте қызықты әрі тартымдылығымен есте қалды. Мектептің дене­шынықтыру пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен оқушылар ара­сында қазақша күрес, тоғызқұмалақ, бәйге, тымақ ұру сияқты ұлттық ойын­дардың жарысы да әз-Наурыздың қызықты өтуіне игі әсер етті. Мектеп оқушыларының мереке­сіне арнайы келіп қатысып отырған ата-аналардың ақ тілегін қадірменді қария, асыл әже бата беріп жеткізді. Ұлттық киім киген ару қыздар шашу шашып, келген жылды қарсы алудың ырымын жасады. 

Алматы ақшамы газеті

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста