Ұлы жібек жолы бойындағы сұхбат

«Ұлы Жібек жолы бойындағы сұхбат» халықаралық мәдени жобасын іске асыру аясында Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» ұйымдастыруымен «Ұлы Даланың әсем Астанасы» атты форумы өтті.

Жобаның мақсаты: Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан тарихын білуге және құрметтеуге шақыру, тарихи-мәдени құндылықтарымызды сақтап қалу, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, олардың бойында азаматтық белсенділікті қалыптастыру, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында құрылған Қоғамдық келісім кеңестерінің рөлін көтеру және қызметін жаңғырту.

Форум қатысушылары Сарқан ауданы, Лепсі ауылдық округі, Лепсі ауылында әулие Жалаңаш Қоңырбайұлы (Көтен тәуіп) кесенесіне тағзым етіп, М. Төлебаев атындағы мемориалдық музейіне экскурсия жасады. Сол сияқты Алакөл ауданы, Көлбай ауылындағы Көлбай атаның басына барып, құран бағыштап, Көлбай ауылдық округі аумағындағы «Байжұман атаның тоқсан бастауы» киелі арасан орнымен танысты.

Сарқан ауданы, Лепсі ауылдық округі, Лепсі ауылында, сондай-ақ Алакөл ауданы, Көлбай ауылдық округінде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылып жатқан кешенді шаралардың маңызы» тақырыбында Қоғамдық келісім, Аналар кеңестерімен кездесу өтті. Форум «Талдықорған әуендері» халықтық фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблінің әншілері мен «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері ұйымдастырған концерттік бағдарламамен аяқталды. 

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста