«Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» атты жастар экспедициясы ұйымдастырылды

14 маусымда Алматы қаласындағы Қазақстанның Тәуелсіздік монументінде «Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» атты жастар экспедициясы басталды. Экспидиция аясында жастар Республика алаңынан «Арбатқа» дейін жүріп өтті.
Іс-шараға Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Мамсуров К.В., Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі – Балғымбаев Н.А., ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ Алматы қаласы Достық үйінің жұмысынын қамтамасыз ету қызметінің жетекшісі – Шаймуханбетова Ж.К., Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, Алматы қаласының тарихы музейінің ғылыми қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» РЖҚ Алматы қалалық штабының белсенді мүшелері және қала тұрғындары мен БАҚ тілшілері қатысты. 

Іс-шара аясында «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді мүшелері велосипедпен Алматы қаласы бойынша «Қасиетті жерлер» тізіміне енген объекттерді: Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументі мен Үкімет үйі (қазіргі ҚБТУ) ғимаратын аралап, Алматы қаласының тарихы музейінің ғылыми қызметкері Гүлмира Әлімғазықызы Біләлова аталған объекттерге қатысты орын алған қызықты оқиғалармен бөлісіп, тарихы жөнінде баяндап берді.

Шара соңында Арбат алаңында жастарға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды және Алматы қаласының Қасиетті жерлері мен Еліміздің тарихы туралы викторина ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлық ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының логотиптері бейнеленген жейделер таратылды.

Өз кезегінде, экспедицияның негізгі мақсаты қасиетті мұра болып табылатын тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау және насихаттау, жалпымәдени және рухани құндылықтар негізінде отансүйгіштік пен қазақстандық бірегейлікті нығайту және жастардың қоғамдық маңызы бар жобаларға қатысуларын ынталандыру болып табылады.

Еркенұр Ерзия

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста