Төбемізде бір аспан

Ортақ бізге бір Отан,

Төбемізде бір аспан, – деп ақын жырлаған дос­тықтың үлгісін біздің тәуелсіз еліміз дүние жүзіне танытып отыр. Жүз қырыққа жуық ұлт пен ұлыс бас қосқан осынау кең байтақ Қазақстан құшағы кең, көпбалалы мейі­рімді ана сияқты. Еліміз­дегі достық, береке мен бірлік биылғы жылы да кең көлемде аталып өтті. Бұл туралы Алматы ақшамы газетінен оқи аласыздар!

 

Қаламыздағы М.Мақа­таев атындағы №140 гимна­зия шаңырағында да бұл мереке «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» деген атпен әсем әнмен әдіптеліп, кең көлем­де, терең мазмұнда аталып өтті. Жер дүние жаңа­рып, жасарып, тіршілік өзгеше бастау алған көктем мезгілі атаулы мерекелерімен де өзгеше.

Мектептің бастауыш сы­нып­тарда оқитын кішкентай ғана бүлдіршіндері фести­вальға қатысып, өз өнерле­рімен там­сандырды. Көктем­нің келгенін би тілімен жеткізген 3 «а» сынып оқу­шы­лары орын­даған «Көк­тем» биі мен 4 «е» сынып оқушылары орындаған «Қа­зақ биі» де көпшілікке көте­ріңкі күй сыйлады.

Осыдан соң 4 «г» сынып оқушысы Нұрасыл елімізде тұрып жатқан талай түрі басқа, тілегі бір ұлт өкілде­рінің бейбіт аспан астындағы тамаша тіршілігі туралы әңгімеледі. Әсіресе, 1 «ә», «б», «г» сынып оқушылары орын­даған шығыс, үнді, өзбек билеріне көпшілік дуылдата қошемет көрсетумен болды.

Осылайша достықты, бере­келі тыныс-тіршілікті әнге арқау етіп, бимен жет­кізе білген бастауыш сынып оқу­шылары Қазыбек бидің «Біз қазақ достықты сақта­ған елміз, дәм-тұзды ақтаған елміз» деген өсиетін ту етіп ұстап келе жатқанымызға осынау кештің куә екендігін айтып, ел тәуел­сіздігінің тұғырлы болуын тіледі. Осынау бір керемет кеш оны тамашалаған жандарға бейне кіші Ассамблея көшіп келген­дей әсер етті.

Гимназия директоры Сәния Өскенбайқызы үлкен мектепке бағыт алған бас­тау­ыштық­тардың керемет өнерлі екен­дігіне тәнті болға­нын айтып, ризашылығын білдірді. Баста­уыш сынып оқушылары Қа­зақ­станда тұрып жатқан ұлт­тар­дың өнерін, салт-дәстүрін үйреніп қана қойған жоқ, олардың тарихымен де таны­сып, білім көкжиектерін кеңейт­ті. 

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста