Татулық – баға жетпес байлық
Қазақстанды мекендеген түрлі ұлт өкілдерінің қиын-қыстау жылдары өздеріне пана болған қазақ халқына деген алғысы зор. Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында елімізде барлық ұлтқа тең жағдай жасалған. Олардың мәдениетін, тілін дамытуға көп көңіл бөлінеді.Бүгінгі күні Қазақстанның жер-жерінде, соның ішінде мәдени астана Алматыда да түрлі ұлтттардың ұлттық театры, мәдени орталықатвр жұмыс істейді. Мәдени орталықтардың бәрі өздеріне артылған сенім мен жауапкершілікті сезініп, елдің көркеюіне қызмет етуде.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл мерекенің мәні бұрыннан да жақсы белгілі. Кейінгі жылдары оның атауы ғана өзгерді. 1995 жылдың 18 қазанында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы бойынша 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды.
Біздің еліміз өзге мемлекеттер үшін бейбітшілік пен тұрақтылықтың үлгісі. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностардың әділетті қағидалары – өз мәдениетін дамыту, туған тілін, салт-дәстүрлерін сақтау құқықтары нығайды.
Осыдан жиырма үш жыл бұрын ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым – Қазақстан халқы Ассамблеясы өмірге келді. Ассамблеяны құрудағы мақсат – елдегі өзара түсіністік пен ұстамдылықты, бірлік пен ынтымақты нығайтуға ықпал ету болатын. Бұл ниет жүзеге асып отыр деуге әбден болады.
Алда зор міндеттер тұр. Солардың ішіндегі ең бастысы – дүниежүзіндегі өркениетті отыз елдің қатарына ену. Бұл мақсат үдесінен көрінуде елдегі татулық пен тұрақтылықтың маңызы өте зор.
Қазақ ұғымындағы ұлағатты сөз, киелі ұғым, сондай қасиеттердің бірі – бірлік. «Бірлік түбі – береке», «Төртеу түгел болса төбедегі келеді», «Бірлігі кеткен ел жаман» дейтін халық аузындағы сөздер осының айқын айғағы болса керек. Санмен емес сапамен, қарумен емес батамен күн кешкен бұрынғылардың басын қосқаны, сара жолдары мен өнегелі өсиеттерінің бізге сарқыт болып жетуінің де бірден-бір себебі, олардың ымыра бірлікте, ынтымақта күн кешкендігі.
Бейбітшілікте, есендікте өмір сүруге ұмтылу қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі екені сөзсіз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының: «Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағ¬дайында тұруға ¬деген ынта-ықы¬ласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды» деген сөзі кешегі мен бүгінгі тарихымызды ұштастырып тұр. Тіпті қазақ жеріне табан тигізген әлем саяхатшылары, ғалымдар, дипломаттар естеліктерінде қазақ халқының қонақжай, сабырлы, ежелден бейбітшілік пен ынтымақ сүйгіш, өз бетінше ешкімге ұрынбаған, соғыс ашпаған ел екенін сүйсіне жазған.
Надежда Степанова, ардагер журналист:
Жақсылықты ұмытпау – парыз
Мен Хабаровскіде дүниеге келдім. Бала кезімде Алматыға қоныс аудардық. Осы қалада мектепке бардым, еңбек жолымды бастадым. Кейіннен Чукоткада, Қиыр Шығыста, Байкалда да болдым. Бірақ тағдыр қай түкпірге жетелесе де менің Қазақстаннан, Алматыдан екенімді барлығы білетін. Радиодан қазақ әндері айтылып жатса әріптестерім мен достарым «Сенің туыстарың ән айтып жатыр!» деп қуана жеткізетін. Қазақтың әнін тыңдасам, айналам нұрланып, өз үйімде отырғандай күй кешетінмін.
Бала кезімнен осынау мейірімді, кішіпейіл және асқан қонақжай халық – қазақтарға бауыр бастым. Қай жерде жүрсем де бұл халықтың жақсылықты ешқашан ұмытпайтын, еселеп қайтаратын, ерекше мейірбан жұрт екенін айтып жүремін. Осы қасиеті үшін де қазақ халқына алғысым шексіз.
Алаш айнасы