19 сәуір күні Алматы қаласы Достық үйінде «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты жобасын талқылау бойынша Қазақстан халқы ассамблеясының бірыңғай күні өтті. Бүгінгі күні мамандар тарапынан жоғары бағаға ие болып отырған бұл жоба Қазақстан халқы Ассамблеясы мамандары тарапынан да жоғары бағаланды.
Аталмыш іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Хамедов Абилфас Муслимович, Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» республикалық ассоциациясының төрағасы Мирзоев Князь Ибрагимович, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ғылыми жұмысы бойынша проректоры, философиялық ғылымдар докторы Бөлекбаев Сағади Байұзақұлы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің Философия кафедрасының меңгерушісі, философиялық ғылымдар докторы Нұрышева Гүлжиһан Жұмабайқызы, және этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен активі, ҚХА құрылымдарының өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шараның модераторы Абилфас Хамедов болды. Абилфас Муслимович келгендердің барлығыны қатысуы үшін алғысын бірдірді, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы туралы және оны жүзеге асыру туралы айтып берді. Оның айтуынша, түпнұсқалық тілден қазақ тіліне аудару баспаның басты мәнін, идеясын жеткізеді.
Білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау – болашаққа жасалатын ең басты бағдар. Сондықтан әлемнің үздік 100 оқулығын Ұлы дала елінің тілінде сөйлету әрине құптарлық дүние. Ол үшін мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалмақ. Бірер жылдан соң ауқымды жоба өз жемісін бере бастайды. Әлемдегі ең үздік аударылған 100 оқулықпен студенттерді бірер жылдан соң оқытуды бастау міндеті тұр.
Елбасының сарабдал саясаты мен ұлт жолындағы ұстанымдары болашаққа бағдар көрсетумен қатар алдағы рухани дамуымыздың өзегіне айналарына сенім зор.