Қазақ пен ұйғырға ортақ ұл

Ғасырлар көшінде еліміз сан тарам жолмен жүріп өтті. Бұл ұлы көште ел болашағы үшін шарқ ұрып сабылған, тіпті, осындай адал мақсатпен жүріп, маңдайын тауға да, тасқа да соққан абзал перзенттеріміз болды. Соның бірі – ұйғыр ұлтынан шыққан Абдолла Розыбакиев еді. Тарихымыз бен тұлғалар тағдырына үңіле түсу мақсатында филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеевтің «Көк сеңгірлер» атты кітабынан А.Розыбакиев туралы жазған мақаласын ұсынғанды жөн көрдік.

А.Розыбакиев – туысқан ұйғыр хал­қына ғана емес, бүкіл Қазақстанды мекен­дейтін барлық халықтарға ортақ қайраткер. Ол – мұндағы көп ұлттардың бостандығы, теңдігі үшін күрескен революционер. Ол – ұйғыр мен дүнген­нің, қазақ пен қыр­ғыздың, орыс пен басқа да ұлт езілгендерін бірдей көрген, бәрінің де ауыр тұрмыс-тағдырына жү­регі сыздап, жаны ашыған интерна­ционалист.

Бұл игі де ізгі революциялық жұмы­сында Абдолла ұйғырдың да, қазақтың да, орыстың да газе-журналдарын бірдей мінбе етіп пайдаланған. Ол қазақ баспасөзінің дамуына да көп еңбек сіңірген, әрі қазақ қаламгерлерін баулу­да да үлкен ұстаз бол­ған. Сондық­тан оны қазақ халқы да өз жур­налисіміз деп біледі. Мұны баспа­сөзі­міздің ірі қайрат­керлері де мойындайды, өз есте­лікте­рінде үлкен ілтипатпен тебірене жазады. Мысалы, партия ардагері, жазу­шы-жур­налист Ж.Арыстанов былай дейді: «Абдолла Розыбақиев Жетісуда Совет өкіметін орнатуға белсене қатысқан белгілі револю­ционер бола тұрып, бар­лық жағынан білімі мен тәжірибесі мол журналист еді». Ал белгі­лі қарт журна­лист Сара Есова ке­зінде: «Жеке өз басым­ның редакторлық қыз­­метті жете меңгеріп, публицист ретінде қала­мым­ның ұштала түсуіне Абдолла Розы­ба­киев көп көмектесті» («Социалистік Қазақ­­стан» газеті 25.03.1978) деп ағынан жарылды.

А.Розыбакиевтің революциялық және журналистік жолы 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін-ақ бас­талған. Өз туысы Розыбакиев Әлиак­пар­мен, ағайын­ды Мұхамбет, Мұса Рузиевтермен бірге «Верный қаласын­дағы мұсылман жұмыс­шыларының Біріккен Одағын» құрған. Сол жылы 14 мамырда қалалық жиналысын өткі­зіп, оның жарғысын, бағдарламасын талқылаған. Маусым аяғында Одақ мүшелерінің саны 600-ге жеткен. Ол өзінің баспасөз органын шығарған. Бұл жөнінде кейін Абдолла «Біз қалай ұйымдастық?» деген естелігінде былай деп жазды: «Әсіресе, біздің «Садақ» деген күлкілі журналымыздың беделі күшті болды. Оны қала халқы түгіл, ауыл, қыстақ халқы да ал­дырып, оқитын болды. Журналдың жұ­мы­сына Жандос­ұлы Ораз жолдас белсене қатынасты. Ол буржуаның «көсемдерін», молда­ларды әшкерелейтін түрлі мазақ сурет­тер салатын еді. Журналдың редак­торлары Бәшірұлы, Ахметұлы ұйғыр, қазақ ауылдарын аралап, Одақтың міндеттері туралы үгіт жүргізді» («Социал­ды Қазақ­стан» газеті, 3.3.1935).

1918 жылы наурызда Верныйда Совет үкіметі орнағаннан кейін, қалада Қызыл Гвардия құрылды. Жақын ауыл, қыстақ­тардағы санаулы кедей, жаралы-жалшылар да қалаға келіп, оның сапына тұрып жат­ты. Абдолла бастаған «Мұ­сыл­ман жұмыс­шыларының Біріккен Одағын­дағы» белсен­ділер де Қызыл Гвардияға жазылды. Артын­ша соғыс төңкеріс комитеті А.Розыбакиевті Жар­кентке жіберген. Онда ол совдепті рево­лю­цияға қарсы адам­дардан тазар­тып, уездік комиссияларды жаңадан сайлап, Қызыл Гвардия отряд­тарын ұйымдастырып қайтқан.

Осы тұста коммунистік партия мен Жастар одағына елдің алдымен кір­гендер – О.Жандосов, А.Розыбакиев, М.Рузиев, т.б. Лениндік жолдан таймайтын табанды большевик екенін бұлар Верныйға Д.Фур­манов келгенде де, 1920 жылғы маусым­дағы бүліншілік күндерінде де ісімен дәлел­деді. Партия, комсомол ардагері Шаяхмет Жармұхан­бетовтың айтуынша: «Бүлін­ші­лік күн­дері өте қиын күндер болды… Қала­дағы партия ұйымдарының бірсыпырасы бүлік шығарушылар жағына кетті. Розы­бакиұлы, Жандосұлы сықылды таңдау­лылар ғана Фурманов жағында қалды» («Социалды Қазақстан» газеті, 18.4.1935). Бұлар сол ауыр күндерде «Кө­мек», «Ұш­қын», «Кедей еркі», «Тілші», кейінірек «Ең­бекші қазақ» газетіндежұртты коммунистік партия төңірегіне топтастыруға, революция жеңісін қорғауға, Совет өкіметін нығайтуға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жұмыл­дырып жатты.

Революционер-қайраткердің қазақ баспасөзіндегі журналистік мұрасына биік идеялылық, оптимистік асқақ пафос тән. Жазғандарында ол ең алды­мен коммунис­тік партияны насихат­таған, оның ел жоқ­шысы,ел қамқоры екенін тынбай түсін­дірген.1921 жылы партия қатарын арам бездерден тазарту, әрбір коммунистің марк­сизм-ленинизм ісіне адалдығын анықтау мәселесі күн тәртібіне қойылды. А.Розыбакиев осы проблемаға үн қосып, «Кімге партияда орын жоқ?» («Кедей еркі» газеті, 10.11.1921) деген мақаласын жария­лады. Бұл сұрауға біздің партияда қанау­шыларға, жарлы мұңын ойламаушы­ларға, өткенді көксеушілірге, мұсылман емес ұлттарға теріс қарайтын ұлтшыл­дарға, революцияға қарсыларға, бай-манап, би-болыстарға орын жоқ деп бар дауыспен ашық айтты. Лениндік нұсқау, тәртіпті бұзатын адамдардан арылғанда ғана ком­партия революцияның жеңіс, жемістерін қорғап қала алатынын ескерт­ті. «Комму­нистік партия жұмыс­шы­лардың, кедей-шаруалардың, еңбек­шілердің партиясы. Коммунистік пар­тия езілгендердің әділетті тұрмыс қаже­ті үшін не істеу керектігін айтып қана қоймай, оларға басшылық етіп, батыл күрестерін басқарады. Демек, езілген еңбекші халық өз партиясының судан тұнық, сүттен таза болуына өздері қам­қорлық көрсетуі шарт» деп міндеттеді. Яғни адал ниетті әрбір еңбекші аза­матты бар ынта-жігер, ықыласымен партия қатарын тазаласуға шақырды.

«Кәмпеске және партия жұмысы» («Еңбек­ші қазақ» газеті, 04.11.1928) туралы екінші мақаласында Абдолла сол қиын-қыстау күндердегі партия басшылығын паш етті. «Большевиктік партияның сүйегіне біткен батылдығы­мен біз кәмпеске науқа­нындағы кемші­ліктерді жарқыратып ашып отырмыз… Ірі байларды кәмпескелеу науқа­ны ауыл коммунистеріне үл­кен сын деген еді партия. Сол сыннан олар сүрінбей өтті» деп қуанды. Оның пікірінше, кәмпеске ауыл­дағы бір-біріне қайшы екі тапты бетпе-бет келтіріп, күреске шығарды. Жан ұшыр­ған тап күресі бастал­ды. Бұған ауыл комму­нистері қатысып қана қой­ған жоқ, басшылық етті. Бұл олардың өсуіне, тап­тық жағына өзгеруіне, бай­лармен туыс­қандық жібін үзуіне әкеп соқты. Әрі нау­қан кезінде кедей мен жалшының белсен­ділігі артты. Олар партияға тіле­ніп кіріп, оның ауылдағы негізін күшейтті.

Коммунист қайраткер жергілікті партия ұйымда­рының нығаю, күшею, кемелдену кезеңдерін де жіті аңғарып отырған. Мы­са­лы, ол «кәм­пес­кені 25-26-жылдары жүр­гі­зуге бола­тын да еді» деп сұрау қояды да, «жоқ» деп кесіп жауап берді. Мұның себеп-сырын былай түсін­діреді: «Оған басшылық жа­сауға партия ұйымы дайын емес еді. Ол кез – жанта­лас­қан жікшілдік тартысы ұйым­ның басын даң қылып тұрған шақ. Ол кезде «көсем­дер» көпшілікті өзіне тарту үшін партия әдісімен емес, «қазақ­шылық» әдісімен, жікшілдік пайдасын көздеу­мен әрекет­тенді. Олар үшін партия жік­шілдік тартысы­ның майданы болып еді.

Сөз соңында Абдолла пар­тия ұйым­дарын әлі де ны­ғайтуға, жат адамдардан та­зар­­туға, саяси бетін айқын­дай алмай жүргендерді жөнге са­луға, жікшілдік қайта бас көте­руіне жол бермеуге ша­қырды.

Қазақ баспасөзінде А.Ро­зы­бакиев­тің екінші асқақ «жырлаған» тақыры­бы — лени­нина. Мұнда ол, әсіресе ұлы көсемнің Күншығыс езілген еңбекшіле­рінің мұңын мұң­дап, жоғын жоқтауға төккен терін, жұмсаған күш-жігерін баса көрсетті. «Ленин һәм Күншығыс» («Тілші» газеті, 30.01.1924) атты мақала­сын­да: «Бүгін батыс жұмыскер­лерінің төңкеріс әрекетінде жолдас Ленин қанша күш, ақыл жұмса­ғандығы анық. Жолдас Ленин… азаттық, тең­дік туралы жазғанда, сөйле­­генде Күн­шығыста езіл­ген таптарды ескерусіз қалдыр­­мады», – деп көсем еңбегіне ел атынан әділ баға білдірді. Ленин есімі естілгенде Күн­шығыстағы әрбір кедей еңбекшілдің көңіліне жарық ой, келер өмірге үмітпен қарау туып, жүрегінде азаттық сезімнің оянуы тегін емес еді.

Автордың айтуынша, Еуропа капита­лиз­мін жою, құрту үшін жалпы жұмысшы­лардың қозғаласы қандай керек болса, Күн­шығыстағы езілген тайпалардың аза­ттығы сондай керек екенін Ленин әуелден аңғарған, соны ақиқаттап, дүниеге білдір­ген. Бұрынғы патша үкіметі, қорғау обыр­лар Күншы­ғыс еліне малша қараған. Олар­дың есілдерті Күншығысты езу, жер-суын, байлығын, күшін пайдалану ғана болған. Яғни өз құлқынын ғана ойлаған.

Мақала ақырында автор Күнбатыс жұмыс­шылары өкіметті өз қолына алып, Күншығыс еңбекшілері азаттық­қа шықпай, дүниеде татулық, бірлік болмайды, қан төгу тоқтамайды деген В.И.Ленин пікірін келтіреді. Үстем тап өкілдерінің, олардың партияларының аз ұлттарды қорғау, азат ету туралы бос сөздеріне ұлы көсемнің «түлкі тауықты қор­ғамақшы» деп күлдіретінін еске салды.

Абдолланың құлшына ағыл-тегіл сөз еткен үшінші тақырыбы – Ұлы Қазан революциясы. Кез-келген мате­риалда бос­тандықты, теңдікті халық шаруашы­лы­ғының барлық саласында ілгерілеушілікті беріп отырған. Мешеу­лікті, надандықты, алауыздықты жойып отырған сол Қазан ревоюциясы екенін ол сендіре айтады. «Оқкябрь һәм Күн­шығыс» («Тілші» газеті, 7.11.1924) деп арнаулы мақалада жария­ланды. Онда «Октябрь төңкерісі езілген ұлттарға шын теңдік берді. Сондықтан олар Октябрьді құшақ жая қарсы алды. Қазір оның жеңісін баянды ету жолын­да күрес жүргізуде. Октябрь төңкерісі ең артта қалған ұлттарды Совет құры­лыстарына араластырып, өз жемісін жегізіп отыр», – деп ризашылық білдір­ді. Орта Азия респуб­ликаларын ұлт ретімен қайта құру, ұлт шекараларына бөлу – анық ревоюцияның жолы. Бұл – жергілікті халықтардың ара­сында совет негізінде әр ұлттың елдігі орна­мақ. Революция жолы күшеймек, артта қалған ұлттар жер жүзі еңбекшілерінің интернационалдық бірлігіне барып қосыл­мақ, ұлт мәселесі түйіннің әділ шешілуі деген сөз деп түсіндірді.

Журналист бұл мақаласында Қазан революциясының халықаралық маңы­зын да аңғарды. Бұған Күншығыстағы езілген ұлттардың Совет Үкіметіне ашықтан-ашық іш тартып отырғанын, өз озбырларына қарсы Қазан револю­циясының жолы, тәжірибесін пайдала­нуға кірісіп жатқанын дәлел етті. Рево­люция қазір барлық шығыс ұлттарына ұран болды, қиялдан шындыққа айналды. Оның Күшығыста да іске асары айдан анық деп зор сенім білдірді.

Автор мақаласын «Жасасын Күншы­ғыстағы Кеңес ұлт республикалары! Жаса­­сын жер жүзі еңбекшілері мен Күн­шығыс құлдарының қозғалысы!» деген ұрандармен аяқтаған.

Революционер-журналист мұрасы­ның пафосын айқындайтын – төртінші тақырып – халықтар достығы. Бұл проб­лема – оның барлық материалы­ның арқауы. Абдолла үнемі халық­тарды ұлт негізінде емес, тап жігі негі­зінде достыққа, бірлікке, өзара ынты­маққа шақырып отырған. Мысалы, «Тілші» газетінде жартяланған «Қосшы съезі не берді?» (18.6.1924) деген есе­бінде орыс­тың қара шекпендері, кедей­лері өз жолдарының кулактардан бөлек екенін ұғып, тап жігін жүргізіп, қазақ кедейлері­мен бірге Қосшы одағына кіре бастады деп сүйінді. Жарлы-жалшылар табы қоғамда­сып, бірлесіп, коммунист партиясының көрсеткен жолымен жүрмесе, көп күшпен, қан төгіп алынған саяси билік, теңдікті сақтап қала алмай­ды, қайтадан бай-манап, жуан жұды­рық­­тардың тепкісіне түседі деп ескерт­ті.

«Біздің міндеттеріміз» (1.11.1924) деген мақаласында совет сайлауында Советке 80 процент қазақ пен ұйғырдың, дүнген мен орыстың жарлы-жалшы­лары өтсін деп ұран тастады. Коммунист партиясы бас­шылығымен барлық ұлт кедейлері бірігіп әрекет қылса ғана, жуан жұдырық, бай-манаптарға қарсы тұра алады, тежеу сала­ды деп тағы ескертті. Тап жігіне сүйенбей, жалпы ұлттың дүрмегімен кету, ауылжақ­тыққа салыну – партияның ұлт саясатына қауіпті дерт. Орыс шаруаларының тап­тық сезімін әлі де оята беру керек, олар­дың ақ жүрек, адал білімділерін советтерге көп тарту парыз екендігін түсіндірді.

Тағы бір мақаласында Жетісудағы орыс-қазақ еңбекшілері арасын­дағы шатақтың, ынтымақсыздық­тың жойыл­ған­­дығын, олардың анық бірлік жолына түс­кендігін, орыс, қазақ, ұйғыр, дүнген кедей­лерінің кулактар мен байларға, сау­дагер­лерге қарсы күресті бірле­сіп жүргізе баста­ғанын қанағаттан­ғандық сезіммен хабар­лады. Өз кулактарын әшкерелеуде орыс шаруаларына көмектесу қажеттігін айтты («Тіл­ші» газеті, 3.12.1924).

А.Розыбакиев енді бір топ материал­дарын шаруашылық, эко­номика мәселе­леріне арнады. Әсіресе, Қосшы тірші­лігі, коопе­рация жұмысы туралы көп жазды. Жетісу облыстық Қосшы одағы­ның төраға­сы болып тұрғанда бұл ұйымның міндеті, маңызы, құра­мы, жергілікті жерлердегі жай-күйі туралы бірнеше материал жа­риялады. «Қосшы­ны тазарту һәм сұрыптау» («Тілші» газеті, 6.4.1923) атты мақаласында Қосшы ұйымы – кеңес үкіметінің ауыл-қыстақ, қалашықтардағы таянышы, кедей­лердің бас қосқан бірден-бір ұйы­мы, басқаның еңбегін қанаушы­лардың, бай-манап, жұдырықтар­дың үстемдігіне қарсы болатын қорғаны. Демек, ол – тап ұйымы деп анықтама берді. Сөйтсе де, – деді ол, – Қосшыға кей жерлерде еңбекшілерден ниеті бөлек кір­мелер еніп кетіп, солардың үстем­дігі сақталып жүр. Сол табы жаттардың әкімшілікке таласу құралына айналуда.

Осыны сезген А.Розыбакиев Жетісу облыстық Қосшы ұйымы­ның 1922 жылы мау­сымда өткен екінші съезінде оның да қатарын тазалау, сұрыптау жұмысын жүр­гі­зу қажеттігін ескерт­кен-ді. Мақалада сол нұсқаудың қалай жүзеге асып жатқа­нын да хабар­лады. Кейбіреулердің тазалауды бетке ұстап, адал қызмет істеп жүргендерді даттап, олардың төңірегінде өтірік-өсектер тарата­ты­нын сынады. Мұндайларды тоқтаусыз ұйымнан айдап шығу мінде­тін қойды. Тазалау жұмысына ең адал, ең әділ, ең іскер Қосшы ұйымының мін­детін, жолын жақсы білетін адам­дарды тарту қажеттігін айтты. Жаңа экономика саясаты кезінде Қосшы ұйымының міндеті басқа, сондықтан олардың жұмыс стилін де, әдісін де жетілдіру керек екенін ұғындырды.

«Жалпы кооперация мейрамы тақы­рыпты» («Тілші» газеті, 3.7.1924) деген мақа­ласында коопе­рацияны саяси ұйым, күрес орны ғана емес, тіршілік, шаруа ісіне де пайдалы екенін, Қазан рево­лю­циясының оны еңбекшілер қолына бергендігін атап өтті. Кооперация күнін­де еңбекшілерді бірігіп, ұйымда­сып жеке байлыққа қарсы күрес майда­нына шығуға шақы­рады.

Қайраткер-журналист «Тілші» газе­тінде «XІІІ партия съезі» (28.6.1924) «Облыстық партия конференциясына» (3.2.1924) деген сияқты насихаттық мақалалар да жария­ланған. Оларда әлгі съезд бен конферен­цияның қандай тарихи кезеңде ашылға­нын, нендей мәсе­ле­лер қарағанын, қандай шешімдер қабылда­ғанын, неге назар аудар­ғанын, қойған міндеттерін әңгіме­леген. Солар­ды айта отырып, Жеті­судың тіршілік тынысына да тоқтала кеткен. Мысалы, соңғы аталған материалдан Жеті­судың шаруа шарттары ауыр. Темір жол­дың жоқтығы, облыс ішіндегі жолдардың нашарлығы шаруа кәсібінің ілгерілеуі­не мүмкіндік бермей отыр… Жетісу ша­руасы­ның көтерілуі мұндағы уездердің өзара және орталықпен от-арба жолы­мен қаты­нас орнатып, Қытаймен сауда байланысын жасауға, мал шаруа­шы­­лығын мәдени жолға қоюға байланысты дегенді ескертті.

А.Розыбакиевтің журналистік мұра­сы­ның бірсыпыра ерекшелік­тері бар. Оның жазғандарында қазақ халқының әдет-салты, этнографиялық белгі, дәс­түрлері көп әңгіме­ленеді. Заман, кезең­дердің өзгеруіне байланысты бұ­лар­дағы жаңа сипат, жаңа көрініс жіті аңғар­тылып отырады. Совет­тердің Орталық атқару комитеті­нің «Әдет-ғұрып қыл­мыс­тары туралы» қаулысынан кейін Абдол­ла «Еңбекші қазақ» газетінде «Қалыңмал беру, қатын алу туралы» (12.2.1928) үлкен мақала жариялады. Сонда революция нәтижесінде қазақ­тың рушыл­дық салтының сарқыты – қалыңмал беру де, көп әйел алу да жаңа сипат тауып, жаңа түр алғанын дәлелді көрсетті. Оның айтуын­ша, қалың­мал бұрын қоралап айдал­ған мал түрінде берілуші еді, енді ақша жең ұшынан өткізілетін болды. Алушылар да қулан­ды. «Қалың­мал» демей, «той малы», «сүт ақысы», «жасау», «киіт» деп жым­қыруды шығарды. Көп әйел алушы­лар да заңға «томпақ» келтірмеудің жолын тапты. Ол жол – әуелгі әйелімен қағаз жүзінде айрылысу, екінші жас әйел­мен тіркелу, сөйтіп екеуімен де тұра беру.

Салт-санадағы осындай өзгеріс­терді көрсете отырып, автор оларға қарсы нақты күрес жолдарын ұсынады. Әлгі­дей қулық қылықтарға, – дейді ол, қазір­гі заңда статья жоқ. Сондықтан заңды өзгерту керек. Бізде қалыңмал беру­ші­лер алушылардан жазаны кем тартады. Бұл жөн емес. Қалыңмалды дүние-мүлкі, төрт түлігі сай байлар бере­ді. Соларды баса жазалау керек. Айып тартқызу жолымен солардың байлығына шеңгелді батыра салу – сауап. Көп қатын алатын да – байлар, барлар. Қазіргі заң бойынша олар бұл үшін айып тартады да тынады. Айып төлеу байларға түк емес, төлейді де, қатындарымен тұра береді. Сондықтан осы мәселелер жөнінде де заңға өзге­рістер енгізу – шарт.

Бұл мақаласында автор партия, совет, комсомол қыз­меткерлерінің де қалыңмал беріп, көп әйел алып жүрге­ніне өкініш білдірді. Сол кездегі қара­қалпақ елінің орта­лығы Шымбайдың 36 коммуни­сінің бірнешеден әйелі бар екенін, оның 14-і партияға кірмей тұрып, қалғаны кірген­нен кейін көп әйел алғанын, бұл теріс қылық­тарын олар­дың шариғатпен ақтағысы келетінін факт етті. Осымен бай­ланысты дінге қарсы атеистік наси­хатты күшейту қажет­тігін міндет­теді. Бұған ауылдық партия ұяла­рының, комсомол ұйым­дары мен әйелдер бөлімінің назарын аудар­ды.

Осылайша қозғаған мәселелері төңі­регінде нақты пікір айту, ұсы­ныстар жасау – Абдолла жазған­да­рының екін­ші ерекшелігі. Ол малға барған әйелдің күні мал бер­ген күйеуі мен қырық жеті алған ата-анасына тәуелді. Сондықтан да олар бостандық іздеп бұлқына алмайды. Күн көру үшін «басқа салды, біз көндік» деп езіліп жүре береді, қия­натқа қарсылық қыл­май­ды. Олардың бас көтеруіне жағдай жасау үшін қалың­мал мен айыпқа алынған қаржы­ны мұсыл­ман әйелдерінің тұрмы­сын жөн­деу қорына түсіру керек деп мәсе­ле қойды. Тағы бір мақаласында қара шаруа­лардың өз ұйымы болмай нәтиже жоқ. Оған Қосшы одағы басшылық етсін. Қос­шы саяси ұйым ғана емес, шаруашы­лық жағында ескерсін. Шаруалар арасында кооперация көбірек ашылсын деген ұсыныс жасады.

Қоғам қайраткерінің журна­лис­тік мұрасының үшінші бір ерекшелігі – кемшіліктерді құр хабарлап, тіркеп қана қоймай, олар­дың орын алу себептерін ашу, салдарын көрсету. Мысалы, кәмпеске кезінде кейбір комму­нистер ұлтына тартты, руға бұрды, ауылжақ­тық жасады, туысқан байларын құтқа­руға тырысты, өз ортасын аман алып қалу үшін коммисияны басқа рудың байла­рына арандатты, өш қызмет­кер­лерінің ауылына қарай айдап салды. Туысқан­дары кәмпескеге ілінсе, ренжіп, шын партия жолындағы, адал қызмет­керлерге жала жапты, өсек таратты. Осы­лайша партияның тап саясатын көпе-көрінеу бұрмалау неліктен орын алды? Мұның себебін Абдолла партия қатарының таза еместігінен, оған байшыл оқы­ған­дар­дың кіріп кетуінен, жікшіл­діктің жойыл­маған­дығынан, көп коммунистердің надан­дығынан, әлеу­мет­тік тұрмыс жағдайымыз­дың нашар­лығынан деп түсіндірді.

Ал бұл дерттерді жоюдың амалы қайсы? Автордың пікірінше, мұның амалы – ұйымды жат адамдардан тазарту, коммунистерді марксизм-ленинизм ілімі­мен қару­ландыру, саяси жағынан, табаны тайғақтарды тәрбие­леу, жікшілдік­тің ініне су қую, әлеу­меттік, ша­руа­шылық жағдайды жақ­сарту. Осылайша Абдолланың жазған­да­рында әр нәрсенің себеп-салдары сара тұрады, міндеттер айқын аңғартылады.

Бұқарашыл революционердің шығар­машылық төртінші ерекше­лігі – жазған­дарынан еңбек ада­мына деген сүйіспен­шілік сезіледі, оның жігер-күшіне, мүмкін­дігіне шексіз сенеді, жасампаздық қабіле­тіне бас иеді. «Ең­бекші бұқара бақылауы» атты мақа­ласында: «Не нәрсені болса да еңбекші бұқара­ның алдына салып, сынына беріп отыру керек. Сонда ғана кемшілік­терді жойып, сонда ғана жалпы еңбекші бұқараға партияның тәр­биесін бере аламыз… Партия бас­тап, еңбекшілер қостаса, бітпейтін жұмыс жоқ», – деп батыл айтты. Ауылдағы совет, коопе­ратив, қосшы және басқа орындардың әлсіздігі, жұмысы­ның нашарлығы ең­бек­ші бұқарамен байланыстың аздығы­нан, соған сүйен­бегендіктен. «Ескіден қалған шірік, сасық мінез­дер бізде әлі жоқ емес. Төрешілдік, кеңесшілдік, қағазбасты­лық, ша­руа­ны шашып ұстаушылық бар». Бұл сияқты дерттерге қарсы күресу үшін бұқара бақылауы, солардың қолғабысы керек деп білді («Ең­бекші қазақ» газеті, 6.4. 1928).

Бұл пікірлерімен журналист Абдол­ла да бүгінгі қайта құрушы­лар сапында тұр. Оның еңбекші бұқарамен байла­нысты күшейту, төрешілдікке, құнтсыздыққа жұ­мыс стилімізде жол бермеу қажет дегені партия мен үкіметіміздің қазіргі талапта­рымен үндесіп жа­тыр.

Журналист шығармаларына тән тағы бір ерекшелік – оның үн, әуезінде асып-тасып сөйлеу, сапырылыстырып, білгірсу жоқ. Ойын байыппен, салмақпен, қызыл сөзсіз, қиқусыз жеткізеді, логикалық сенді­руге сүйенеді. Ұлт мәселесі туралы лениндік ілімді партия ұйымдарының алдына жайып сала қоюға, оның жазғандарын, айтқан­дарын терең көрсетуге біздің күшіміз жетпейді деп, мүлде кішіпейілдік те көрсе­теді.

Қорытып айтқанда, А.Розы­бакиев – от кешкен револю­ционер, қарымды қоғам қайраткері ғана емес, жаңа өмір­дің, социалистік жаңа құрылыстың жыршысы, жалынды журналист-публицист. Ол газет- журналдарға қатысып оты­­румен ғана шектелмеген, бас­пасөзді үнемі насихат­таған. Бұған оның «Еңбекші қазаққа» бақы­лау орында­рында қызмет етіп жүр­гендер, ауыл-село тілшілері, жал­пы еңбек­шілер жазып тұруы керек. Жазатындары көбінесе кемшілік­тер туралы болуы керек, кемшілік иелерін аямау керек деген сияқты пікірлері – айқын айғақ.

Туысқан ұйғыр халқының осындай ардагер азаматы А.Розы­бакиев те 1937 жылы жазықсыз жалаға ұшырады, стали­низм құр­баны болды.Ғасырлар көшінде еліміз сан тарам жолмен жүріп өтті. Бұл ұлы көште ел болашағы үшін шарқ ұрып сабылған, тіпті, осындай адал мақсатпен жүріп, маңдайын тауға да, тасқа да соққан абзал перзенттеріміз болды. Соның бірі – ұйғыр ұлтынан шыққан Абдолла Розыбакиев еді. Тарихымыз бен тұлғалар тағдырына үңіле түсу мақсатында филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеевтің «Көк сеңгірлер» атты кітабынан А.Розыбакиев туралы жазған мақаласын ұсынғанды жөн көрдік.

Туысқан ұйғыр халқының осындай ардагер азаматы А.Розы­бакиев те 1937 жылы жазықсыз жалаға ұшырады, стали­низм құр­баны болды.

Алматы ақшамы

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста