Қала күнінде алматылықтар әлемдегі ең үлкен құрақ көрпені көре алады

Алматылық ісмерлер тігіп жатқан әлемдегі ең үлкен құрақ көрпенің 80 пайызы дайын. Оны дайындауға тұрғындар, қаладағы жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері үлес қосуда

 Бүгін Қазақстан құрақ құрау шеберлері қауымдастығы жапондық тігін машинасын сыйға тартты. Осылайша қалалық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұсынған бастамаға қолдау көрсетті. Шеберлер құрақ көрпенің алғашқы бөлшектерін тігуді Наурыз мерекесінен бастаған еді.

«Қауымдастық президенті Тамара Бекмұратқызы ханымға үлкен алғысымызды айтамыз. Әлі де акция жалғасуда. Қала тұрғындары мен осы игі іске үлес қосқысы келетін азаматтарды шақырамыз. Белгіленген деңгейіне жетіп, өз шаршы метрін аяқтап тіккеннен кейін, оның қорытынды бөлімі болады. Акцияға белсене атсалысқан әр тұрғынның, әр мемлекеттік мекеменің аты аталған арнайы тізім шығады. Сондай-ақ, марапаттау салтанаты да болады», – деді Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Ләззат СПАТАЕВА.

Алып құрақ көрпені тігуге қаладағы 25 кітапханада тігін бөлмелері дайындалған. Оның жалпы көлемі, 25 мың 500 шаршы метрді құрамақ. Акция Қала күнінде, яғни 16 қыркүйекте өз мәресіне жетеді. Бұған дейін әлемде мұндай көрпе Португалияның Порто қаласында тігілген. Оның көлемі 25 мың 100 метрге жетіпті.

almaty.tv

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста