Күрдтердің Қазақстанға келгеніне 80 жыл

Күрдтердің Қазақстанға келгеніне 80 жыл

Алматыдағы Достық үйінде күрдтердің Қазақстанға келгеніне 80 жыл толуына орай «Жаһандану дәуіріндегі күрдтердің рухани жаңғыруы» атты шара өткізілді. «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының мұрындық болуымен ұйымдастырылған шара шымылдығы «Қазақстан күрдтерінің өмірі» деректі фильмімен ашылды.
Фильмде күрд халқының 1937 жылы алғаш депортацияланған кезеңінен бастап, бүгінгі тәуелсіз Қазақстандағы өмірі қамтылған. Сондай-ақ фильмде еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, өнер мен Ішкі істер қызметі сала­ларында айтулы жетіс­тіктерге жеткен күрд халқының өкіл­дері таныстырылды. Жиынды «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауым­дас­ты­­ғының президенті Князь Мирзоев кі­ріс­пе сөзбен ашып, жүргізіп отырды. «80 жыл бұрын бізді қазақ халқы құшақ жая қарсы алды. Міне, қазір Қазақстан атты үлкен шаңырақ астында тату-тәтті өмір кешіп жатыр­мыз» деп қазақ халқына алғысы шексіз екенін жасырмады.
Алматы қаласы әкімінің орын­басары Арман Қырықбаев: «Күрд этносының Қазақстанға қоныс­танға­ны­на – 80 жыл. Осынау айтулы күнмен құт­тықтаймын. Осыдан 80 жыл бұрын сталиндік саясат салдарынан қаншама ұлт өкілі қазақ жеріне депор­тация­ланды. Әрине, бұл – әр ұлт үшін үлкен трагедия. Бірақ 80 жыл ішінде күрд этносы интеграцияланып, Елба­сымыз бастаған бейбіт және келісімді өмір сүру моделін қолдап келе­ді. Тәуелсіздік алған жылдан бастап барша Қазақстан халқы татулық пен бір­лік­ті басты құндылық етті. Елімізде 100-ден астам этнос өкілі тату-тәтті өмір кешу­де. Алматы қаласы да – осындай бір­ліктің ордасы. Шаһары­мызда жеті мың­нан астам күрд халқы тұрады. Елі­міз­де 80 мың­нан астам күрд өмір сүреді. Еліміздің өр­кендеуіне өл­шеу­сіз үлес қосып жүрген аза­маттар қата­рында күрд халқының да өкіл­дері бар», – деп А.Қырықбаев Алматы қа­ла­сы­ның әкімдігі атынан құттықтауын жеткізді.
А.Қырықбаев Елбасының «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдар­ламасының маңызды­лы­ғына тоқталып, Алматыдағы күрдтер қауымдастығының жұмысын атап өтті. Ол еліміздің экономикасы мен мәдение­тіне өлшеу­сіз үлес қосқан «Хоум кредит» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нарина Надироваға «Бірлік» төсбел­гі­сін тапсырды. Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Әзірбайжан этномәдени орталығының төрағасы Әбілфас Хамедов сөз алып, күрд халқы­ның Қазақстандағы этносаралық бірлікті нығайтудағы рөлін баса айтты. Ол Елба­сы­ның идеясымен құрылған әлемде теңдесі жоқ ұйым – ассамблеяның халық ынты­мағын көркейтудегі рөліне тоқтал­ды. Содан кейін 1937 жылдардың куәгері, ҰҒА-ның академигі, «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының құрметті президенті Надир Надиров өз баян­да­ма­сын­да сол зұлмат жылдарды еске алды. «Сол зұлмат жылдарда жүздеген адамдар аштықты, аязды еңсерді. Бұл өте ауыр кезең еді. Бәрі көз алдымызда. Сол кездегі қазақ халқының құшақ жайып қарсы алғанын ешқашан ұмытпаймыз» деді ол.
Елімізде 12 этномәдени орталығы мен күрдтердің республикалық «Барбанг» қауымдастығы жұмыс істейді.Қазақстанда тұрып жатқан күрдтер өздерінің дәстүрі мен мәдениетінің ерекшеліктерін сақтай отырып, барлық этностар өкілдерінің арасындағы достық, бірлік пен түсіністік саясатын қолдайды.Экономика ғылымдарының док­торы, профессор, «Барбанг» Қазақстан күр­дтері қауымдастығының алғашқы президенті Зия Азиз 1944 жылғы соғыс кезіндегі жағ­дай­ды еске түсірді. Саяси ғылымдар­дың докторы, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ, Сорбонна-Қазақстан институ­ты­ның Халықаралық қатынастар кафе­дра­сының меңгерушісі Жомарт Симтиков күрд халқының мәдениеті, даму жолы хақында ой өрбітті. «Барбанг» Қазақ­стан күрдтері қауымдастығының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Латиф Айдаров: негізгі депортацияланған күрд­тер Жамбыл облысына қоныстан­ға­нын айтып, облыстағы атқарылған жұмыс­тар­ды таныстырды. Сонымен бірге, 1937 жылғы оқиғаның куәгері, Қазақ­станның құрметті ұстазы Нажмад­дин Чатуев, Ақбас­тау селосы орта мекте­бі­нің мұғалімі Лиана Абдуллаева өз лебіз­де­рін білдірді. Шара соңында арда­гер­лер, қауымдастық белсенділері Қазақ­стан халқы ассамблея­сы­ның Құрмет грамотасымен марапат­талды.
Шара «Курдистан» және «Медия» топ­тарының ән-шашуына ұласқан кон­церт­тік бағдарламамен жалғасын тап­ты. 

Еркенұр Ерзия

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста