Князь Мирзоевтің «Күрдтер. Тарих және қазіргі заман» кітабы жарық көрді, - деп хабарлайды Алаш айнасы.
«Күрдтер. Тарих тоғысында» деп аталатын бірінші томда ғылыми тұрғыда тереңінен Күрдтердің тарихи және тілтанымдық шығу тегі, жаңа замандағы күрд ұлтының саяси тарихы мен тағдыры қарастырылған. Сонымен қатар үлкен деректі материалда жақын және алыс шетел мемлекеттерінде өмір сүріп жатқан күрд ұлты өкілдерінің тарихы мен тағдыры талданған.
«Күрдтердің мәдени мұрасы» деп аталған екінші томда ұлттың тілі, әдебиеті мен мәдениеті жете зерттелген. Күрд жазушылары мен ақындарының шығармашылығына, құрд әдебиетінің Еуразия құрлығындағы ұлттар әдебиеті мұрасымен байланыстылығына ерекше мән берілген.
Бұл салмақты кітаптың авторы шығыстанушы ғалым, академик, филология ғылымдарының докторы, күрд ұлтының танымал өкілі Князь Ибрагимұлы Мирзоев.
Атаулы жұмысқа күрдтердің орасан зор тарихы мен мәдени мұрасы енгізілген, күрд ұлтымен байланысты өзекті мәселелер жете қарастырылған. Бұл алдағы уақытта оқырмандардың ауқымды аудиториясына көптеген жаңалықтар алып келетіні сөзсіз және күрд ұлтының тарихы, саясаты, мәдениеті, тұрмысы мен тіршілік кеңістігі, әдебиеті мен мәдениетіне қатысты танымдық тұжырымдама жасауға көмек болады.
Бұл әлемдік қауымдастықтағы күрд ұлтының тарихын, мәдениетін және қазіргі жағдайын айқындаудағы қосылып отырған салмақты үлес, күрд халқының проблемалысының маңыздылығы туралы ұғымын кеңейтеді.
Кітап мазмұны мен стилі жағынан негізінде саясаткерлерге, халықаралық қатынастар жайындағы мамандарға, геосаясатқа, саясаттануға, тарихқа, әлеуметтануға, филолог-шығыстанушыларға, әдебиеттанушыларға, мәдениеттанушыларға, тілтанушыларға, сондай-ақ Шығыстың көнеден келе жатқан халықтардың бірі – күрд ұлтының тарихы мен мәдениетіне қызығушылық танытатын оқырмандардың кеңейген оратасына арналған автордың үлкен энциклопедиялық еңбегі.
Кітап авторы Князь Ибрагимұлы Мирзоев - Халықаралық Жоғарғы Мектеп Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шығыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
К.И. Мирзоевтің ғылыми өмірбаяны аса қызықты да өнегелі. Ол 150-ден аса ғылыми мақалалардың авторы, оның ішінде 10 аса салыстырмалы әдебиеттануға, әдебиет сынына арналған ғылыми еңбектер болып табылады. Ал, 20-шы ғасыр Шығыс әдебиеті жәдігерлерін зерттеуде «құрылымдық-негіздік» деп аталатын, әдеби жанрлардың әр саласын қамтитын және өзінің негізгі авторлық постулаты болып табылатын қағидалардың негізін қалаушы болып табылады. Ол 300-ден аса ғылыми еңбектің авторы оның ішінде 12 монография орыс, қазақ, азербайжан, түрік, күрд және голланд тілдерінде жарық көрген. К.И. Мирзоев жетекшілігімен 10-нан аса кандидаттық диссертация қорғалды, жас ғалымдарды тәрбиелеуде, қалыптастырып, үлкен ғылым жолына салуда айтарлықтай үлес қосты. Ол бірнеше ғылыми ұйымдар мен кеңестердің ұйымдастырушысы және кеңесшісі болып табылады. Еңбектері Қазақстанмен ғана шектелмeй шет елдер, оның ішінде Париж, Берлин, Брюссель, Москва, Санкт-Петербург, Баку, Ереван, Тбилиси, Амстердам, Стамбул сияқты қалаларда жарық көрді. Қазіргі кезде Қазақстан жазушылар одағы мен журналисттер қауымдастығының толық мүшесі, «Нубар» атты күрд тілінде жарық көретін журналдың бас редакторы.