Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына орай жыл басынан бері Алматыда Қазақстан халқы ассамблеясы құрылымдарының өкілдері, Мәслихат депутаттары, Аналар кеңесі мен Қоғамдық келісім кеңесінің жетекшілері бірнеше рет жиындар ұйымдастырды.
Осындай жиындардың бірінде Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай Елбасы Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру мәселесіне тоқтала келіп, Ассамблея жастармен жұмыс істеуді негізгі басым бағыттарының бірі ретінде алып отырғанын атап өткен еді. Оның айтуынша, этно-мәдени орталықтардағы озық ойлы жастардың ресурсы мол.
«Елбасы айтып өткендей, «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақ¬стан¬дық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс».
Екіншіден, Қазақстанның 100 жаңа есімін таныту мақсатымен қоғамдық саяси бағытта ассамблеяның атқаратын 11 арнайы жобасы бар. 11 жобаның барлығы жастарға бағытталған. Үшіншіден, Қазақстан халқы ассамблеясының 26-сессиясын өткізгеннен кейін, біз «Жаңғыру жолы» республикалық форумын қолға аламыз. Онда ҚХА тарапынан әзірленген жастардың әлеуметтік жобаларын таныстырамыз. Сонымен қатар 1 наурыз «Алғыс айту» күнін мерекелеуді дәстүрге айналдырып, Бейбітшілік және келісім сарайында сән-салтанатымен атап өтетін боламыз. Оған қоса, «Қайырымды көршіге рахмет» акциясын тұңғыш рет жүзеге асырмақ ниеттеміз. Бұл – бір шаңырақ астында бірге өмір сүріп жатқан қауымдастықтар мен түрлі этностардың бірлігін нығайтатын тағы бір игі бастама деп ойлаймын. Іс-шарада көрші үйлер, ауылдар мен аудандарда тұратын халықтардың кездесуін ұйымдастыру көзделген. Өлкетану музейлерін аралап, айналаны көгалдандыру, киелі мекендердің бейнеролигін жасау сияқты жұмыстарды да қамту жоспарымызда бар», деді Д. Мыңбай мырза.
Сондай-ақ жақында Ақпарат және коммуникация, Білім және ғылым министрліктерінің қолдауымен екі ақпараттық жоба іске қосылады. Оның алғашқысы – Қазақстан халқы ассамблеясының мультимедиялық порталы, екіншісі – «Қазақстан халқы» интерактивтік тарихи картасы. Порталда әр этно-мәдени бірлестік өз парақшасын ашып, жаңалықтарымен бөлісіп отыра алады. Электронды басылым шығарамын деушілердің де ұсынысын қолдаймыз. «Қазақстан халқы» тарихи картасы «Ұлы Дала тарихы», «Тәуелсіздік жолында: Қазақстан халқының қалыптасу тарихынан», «Алғыс айту күні» және басқа бөліктерден құралады.
Сәуір айынан маусымға дейін Қазақстан халқы ассамблеясының 26-сессиясына дайындық жұмыстарына кірісеміз, – деді Дархан Мыңбай.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев өз сөзінде Президент Жолдауының еліміздің дамуы мен болашағы үшін маңызды міндеттер жүктеп, нақты бағыт-бағдарын айқындап бергеніне тоқталды. Өткен жылы елімізде саяси және экономикалық реформалармен қатар, кең көлемді «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы іске қосыл-ғанын тілге тиек етті. Қалада атқарылып жатқан жобаларды таныстырып, «Жаңғыру жолы» қозғалысын қолдайтынын білдірді.
Этно-мәдени орталықтардағы озық ойлы жастардың ресурсы мол
Читайте также
Алматы қаласының этномәдени бірлестіктерін қолдау мен ынтмақтастық мәселелері сөз болды
Алматыдан соғысқа аттанған жауынгердің сүйегі 74 жылдан кейін Алматыға жеткізілді
Қазақстан мен Өзбекстанның аграрлық жоғары оқу орындары әріптестік байланыстарын нығайтуда
Ел бірлігі - халықтар достығында
Дүнген ұйғыр орталығының «Көктемнің шабыты» концерті өтті
«Біздер – қазақтар қызық халықпыз ғой өзі»
Последние статьи автора