Ел бірлігі - халықтар достығында

Еліміз биыл үшінші жыл қатарынан 1 наурыз – Алғыс айту күнін атап өтуде. 2016 жылғы 14 қаң­тарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту» күні деп жариялап, №173 Жарлыққа қол қойған болатын.

Алматы да достығы мен ынты­мағы жарасқан көп ұлтты қала. Қала бойынша 34 ұлттық мәдени орталық­тар жұмыс істейді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап, сонау 90-жыл­дардың ба­сында орыс, украин, бела­русь, ауған, осетин, венгер, грузин, дағыстан, молдаван, неміс және т.б. көптеген ұлттық этно-мәдени орта­лықтары құрылды.

Осы орайда, 2017 жыл­дан бері Алматы музейінде аталған ұлттық мәдени орталықтармен бірлескен «Ел бірлігі – достықта» атты Алматы қаласында тұратын әр түрлі ұлттар мен этнос­тарға арналған көрмелер тізбегі өтуде. Осыған дейін орыс, бурят, ауған, осетин, шешен-ингуш, беларусь, украин, түркімен, Қырым татарлары мен Жетісу казактарының көрмелері ұйымдастырылды. Көрме­лердің мақ­саты – қаламыз­дағы ұлттық мәдени орта­лықтары арқылы әр түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық тұрмыс-тіршілі­гімен жете таныстыру. Ұлттық бірлік құндылықтарының негіздері, қазақ халқының толерант­тылығы, этнос­аралық қаты­настар саласын реттеудің қоғамдық-саяси институты ретіндегі Қазақстан халқы Ассамблея­сының қалып­тасуы мен дамуындағы халықтар достығына негіз­делген. Әрі музей қоры­на әр түрлі ұлт өкілдерінің жәді­гер­лерін жинақтау. Нәти­жесінде музей қоры ауған, бурят, украин, осетин, түркімен халықтарының ұлттық киімдері мен тұр­мыстық заттары, тағы басқа жәдігерлермен толықты.

«Біздің Тәуелсіздігіміздің тари­хы – бұл барлық этнос­тардың достық жылнамасы. Мен қоғамдағы бейбіт­шіліктің, келісім мен тұрақ­тылықтың сақталуын Қа­зақстанның ең басты жетіс­тіктерінің бірі деп санай­мын», – деп Елбасымыз Н.Назар­баев ата­ғанындай, еліміздегі әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың өзара достығы мен келісімі тұрақты тәуел­сіздігіміздің беріктігін нығай­та түскендей.

Алматы музейінде жыл соңына дейін армян, корей, күрт, венгер, грузин, дағыс­тан, дүнген, еврей, қалмақ мәдени орталық­тарының көрмелерін ұйым­дастару жоспарлан­ған. Қазақстан халықтары тақыры­бына қызығушылық танытқан қала тұрғындары мен қонақ­тарын көрмені тамашалауға шақырамыз.

 

Б.Бүркітбаева,

Алматы қаласының музейлер бірлестігі

Алматы музейінің аға ғылыми қызметкері. 

Алматы ақшамы газетінен
Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста