Дүнген-ұйғыр концерті көпшілік көңілінен шықты
Жақында Қ.Қожамияров атындағы мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрында дүнген-ұйғыр концерті ұйымдастырылып, суреттер мен кесте бұйымдар көрмелері және дүнген этникалық шаш алуы бойынша шеберлік сағаты өтті.

Іс-шара аясында қонақтарға фуршет және көрме ұйымдастырылды. Сонымен бірге, этномәдение бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары іс-шараның қонақтарына арналған әндер мен билерді көрсетіп, концерт ұйымдастырды. Айта кетер жайт, Дүнгендердің Қазақстан аумағына алғашқы қоныс аударуы 1877 жылдың желтоқсан айында басталды. Сол жылы Қытай жазалаушыларынан құтылу үшін қашқан 4 мыңға жуық дүнген Жетісу жеріне жетіп жығылды. Содан бері дүнгендер елімізде тату тәтті өмір сүріп келеді. Тіпті осындай іс-шаралар арқылы өзара мәдениетімен танысып, араласып жатыр. Ұйғырлар мен дүнгендер белгілі бір аумақта өз алдарына жеке қоныстануды қалады. Сөйтіп қоныс аударушылар негізінен Жетісу жеріндегі Верный және Жаркент уездеріне орналастырылды. Қазақстан аумағындағы ұйғырлар мен дүнгендердің саны бірте-бірте арта түсті. Мәселен, 1897 жылы Қазақстанда 56 мың ұйғыр, 14 мың дүнген болса, 1907 жылы ұйғырлар 64 мыңға, ал дүнгендер 20 мың адамға жетті. Осылайша олар өсіп өнім қана қоймай Жетісу өңірінде бейбіт өмір сүруде.

Алғашқы сөз «Щинсын» Дүнген мәдени орталығының төрайымы – Абубекерова Зухра Хакимовнаға берілді. Ол қатысушыларға алғысын білдіріп, іс-шара туралы айтып берді және қонақтарға концерт ұнайтынына үмітін білдіріп, сөзді Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры – Мұрынова Жаннат Шарапханқызына берді. Жаннат Шарапханқызы өз кезегінде осы іс-шараны ұйымдастырушыларға рахметін айтып, осыншама керемет іс-шараны өткізумен іс-шараға жиналғандарды құттықтады. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар еліміздің ашық аспаны мен көк туының астында беибіт өмір кешіп жатыр. Басты жетістік осы!
Алаш айнасы