Жақында Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 жарлығын іске асыру шеңберінде «Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелері» тақырыбында өңіраралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Алматы қаласының Республикалық Достық үйі жұмысы қамтамасыз ету қызметі, Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, ҚР БҒМ ҰТО Қазтест жүйесін дамыту басқармасы, Орталық мемлекеттіқ мұрағат қолдау көрсетіп, белсене қатысты.
Конференция барысында мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы және нәтиже индикаторларына қол жеткізу, сондай-ақ латын әліпбиіне көшу мәселелері және фармацевтикалық терминдер, Қазтест жүйесі, мұрағат ісі, іс қағаздарын жүргізу, ұйымдардың есептеме қалыптастыру нысандары және тағы басқа мәселелер талқыланды. Конференция жұмысына Қазақстан Денсаулық сақтау Министрлігінің тапсырысы бойынша: Министрліктің терминологиялық комиссиясының мүшелері, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ терминологиялық комиссиясының төрағасы, профессор Ж.Б.Ахметов және қалыпты анатомия кафедрасының доценті Б.Ш.Шәкенов қатысып, медициналық терминдерді біріздендіру үдерісін іске асыру барысындағы өз тәжірибиелерін баяндады. Конференция жасалынған баяндамалар барысында, терминолог мамандар өз жетістіктерімен және алда тұрған проблемаларды шешу жолдары туралы өз пікірлерін ортаға салды. А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры, ф.ғ.д., профессор, академик Қажыбек Ерден Задаұлы «Латын қарпіне өтудің төте жолы» атты баяндама жасаса, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының доценті, ф.ғ.к. Құлманов Сәрсенбай Қуантайұлы «Мемлекеттік тіл саясатының нысаналы индикаторларын денсаулық сақтау жүйесінде жүзеге асыру ерекшеліктері» атты тақырыпқа баяндама жасады. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ Алматы қаласының республикалық Достық үйі жұмысын қамтамасыз ету қызметінің бас сарапшысы, экономика және бизнес магистрі Шыныбеков Жалғас Талғатұлы — «Мемлекеттік тіл саясатының ІІІ-кезеңі (2017-2019) мемлекеттік ұйымдарда жүзеге асыру: іс-шаралар жоспары мен аналитикалық есептеме әзірлеу тәртібіне тоқталып өтті. Қызықты пікір алмасулар, ұсыныстар негізінде конференция жұмысы қорытындыланып, резолюция қабылданды.
Еркенұр Ерзия