Алатау ауданы «Әйгерім» ықшамауданындағы №171 мектептің 1–5-сынып оқушылары арасында «Достық» фестивалі өтті. Оқушылар Қазақстанда тұратын түрлі ұлттардың қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек, татар, корей, неміс, т.б.) әнін шырқап, биін билеп, ұлттық дәстүрлерінен үзінділер дайындап, өз өнерлерін көрсетті.
Әзербайжан диаспорасының өкілі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, жеке кәсіпкер, мектебіміздің Қамқоршылық Кеңесінің төрағасының орынбасары, ата-ана Вугар Алискеров мерекеміздің құрметті қонағы болды. Құттықтау сөзінде мұндай іс-шаралар толеранттық кеңістік туғызып, балаларымызды жақындастырып, олардың патриоттық сезімдерін оятады деп баға берді.
Аталған мереке бірлікке, достыққа, татулыққа, бауырмалдыққа, патриотизмге, елжандылыққа баулиды. Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттырып, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелейді. Еліне деген сүйіспеншілігін оятады.
Светлана НУРАХАНОВА,
Әлия СОЛТАНБЕКОВА,
тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары.