Бірнеше ұлт өкілі оқитын мектеп

Бірнеше ұлт өкілі оқитын мектеп

Алатау ауданы «Әйгерім» ықшамауданындағы №171 мектептің 1–5-сынып оқушылары арасында «Достық» фестивалі өтті. Оқушылар Қазақ­станда тұратын түрлі ұлттардың қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек, татар, корей, неміс, т.б.) әнін шырқап, биін билеп, ұлттық дәстүрлерінен үзінділер дайындап, өз өнерлерін көрсетті.

Әзербайжан диаспорасының өкілі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, жеке кәсіпкер, мектебіміздің Қамқоршылық Кеңесінің төрағасының орынбасары, ата-ана Вугар Алискеров мерекеміздің құрметті қонағы болды. Құттықтау сөзінде мұндай іс-шаралар толеранттық кеңістік туғызып, балалары­мызды жақындастырып, олардың патриоттық сезімдерін оятады деп баға берді.

Аталған мереке бірлікке, достыққа, татулыққа, бауырмалдыққа, патриотизмге, елжандылыққа баулиды. Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттырып, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелейді. Еліне деген сүйіспеншілігін оятады.

 

Светлана НУРАХАНОВА,

Әлия СОЛТАНБЕКОВА,

тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары. 

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста