Бейбітшілік – ел тірегі

Бейбітшілік – ел тірегі

«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Алматы технология университетінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Қазақстан халқының шығармашылығы» деп аталатын фестиваль өтті деп хабарлайды  газеті.

Фестивальді Қазақстан халқы Ассамблея­сының мүшесі, АТУ профессоры, Қамқоршы­лар кеңесінің төрағасы, Армян этномәдени бірлестігінің төрағасы Рудик Мнацаканян өзінің құттықтауымен ашты.

– Мен әрқашан Қазақстанның азаматы болып еңбек етіп жүргенімді мақтан тұтатын кісімін. Осы күнге дейін жеткен жетістігіме Арменияда болсам жете алар ма едім деп те кейде ойланам. Мен тек көпұлтты елде ғана емес, көпұлтты үлкен отбасында бақытты өмір сүріп жатырмын. Менің әйелім – өзбек ұлты­нан, келінім – шешен, күйеу балам орыс, – дейді Рудик Мнацаканян.

Алматы технология университетінде бірне­ше ұлттың өкілі білім алып жатыр. Мерекелі іс-шарада студент-жастар қазақ, орыс, украин, лезгин, армян, т.б. ұлттардың әнін шырқап, биін биледі. Белсенді жастарды Алғыс хатпен марапаттаған АТУ-дың тәрбие ісі жөніндегі проректоры Қалтай Батхолдин:

– Алматы технология университетінде бірнеше этностардың өкілі оқиды. Кішігірім ассамблея десек те болады. АТУ – тек білім ордасы ғана емес, бейбітшілік пен келісім мекені, – деді. 

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста