Алматыдағы Халықаралық бизнес университетінде (UIB) Қазақстан халқы Ассамблеясының «National book dating» атты жастар акциясы өтті. Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» өңірлік жастар қозғалысының төрағасы мен студенттер қатысты.
Іс-шара аясында студенттерге арнап биологиялық ғылымдарының кандидаты, профессор Бабалиев Сеит Умерсенович, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, Қырым татарлары мәдени орталығының төрағасы, филологиялық ғылымдарының кандидаты Ананьева Светлана Викторовна, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық тобы төрағасының орынбасары,экономикалық ғылымдар кандидаты, UIB доценті Аннакулиева Гульнар Атаевна, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, Түркмен қоғамдық-мәдени орталығының төраағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының аймақтық жастар қозғалысының төрағасы Кураев Ислам баядамаларын ұсынды.
Іс-шара модераторы Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры – Мұрынова Жаннат Шарапханқызы болды. Ол қатысушылармен сәлемдесіп, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын түсіндірді. Ол «Жаһандану заманында ағымдағы барлық үрдістерге төзімді ұрпақты тәрбиелеу аса маңызды. Осыған жетудің басты құралы – білім. Әлеуметтік-гуманитарлық аядағы 100 үздік оқулықтарды аудару бәсекеге қабілеттілік пен прагматизм рухында тәрбиеленген қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу бағытындағы дұрыс қадам» – деп жобаның маңыздылығын атап өтті.
Содан соң, «Білім беру аясында 100 жаңа оқулық жобасының мәнділігі» тақырыбында Бабалиев Сеит Умерсенович баяндамасын ұсынды. Ол жобаның студенттер мен оқушыларға білім беруде маңыздылығын түсіндірді және осы жобаны болашақта қолданудың мүмкіндіктерін айтып берді. Сеит Умерсенович гуманитарлық білімнің барлық бағыттарында қазақ тілінде оқулықтардың талап етілгенін және оны анықтау факторына – мемлекеттік тілдің білім беру мен ғылым аясында орнын нығайтуына айрықша тоқталды.
Одан соң «Филологиялық білім берудің болашағы: тіл және ұлтаралық коммуникация» тақырыбында баяндаманы дайындаған, Ананьева Светлана Викторовна жиынға қатысушыларды аударылған кітаптардың біреуімен таныстырды. Бұл кітап заманауи Ресей мен оның тілін мәдениет арқылы көрсетуіне баяндалған, Светлана Тер-Минасованың «Тіл және ұлтаралық коммуникация» монографиясы. Светлана Викторовнаның айтуы бойынша Ресей кітаптарында тіл мен мәдениет арқылы жазылса, біз заманауи Қазақстанды өзіміздің әдебиетіміз бен өнеріміз арқылы көрсетеміз.
Осыдан кейін «Мамандарды дайындау: қазіргі заман және болашақ» тақырыбында Аннакуйлиева Гульнар Атаевна сөз cөйледі. Гүлнар Атаевна Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың ұлтының тамаша идеясы қазақ қоғамының өміріне шұғыл түрде енгізілгеніне куанғандығын айтты. Оның айтуынша, осы фантастикалық жобаны іске асыру еліміздің ғылыми қоғамдастығын ең заманауи инновациялық құралдармен қамтамасыз етті.
Келесі кезекте ҚХА аймақтық жастар қозғалысының төрағасы Кураев Ислам Бақтияр-оглы сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы ерікті қозғалыс екенін және оны құрып, қадағалайтын Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылатынын айтып берді. Қозғалыс қызметінің мақсаты Нұрсултан Назарбаевтің Ассамблея Төрағасы ретінде саясатын қолдауға жастарда тарту, сонымен қатар, ҚХА қоғамдық келісімді сақтау бойынша қызметіне қолдау көрсету болып табылады. Соған қоса, қатысушы студенттерге ҚХА «Жаңғыру жолы» РЖҚ қатарына енуге ұсынылды.
Халықаралық бизнес университетінің (UIB) кітапханасына Алматы қаласы ҚХА Ғылыми-сарапшылық тобы төрағасының орынбасары Светлана Викторовна кітаптар табыстады. Олардың қатарында: қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі «Адам және табиғат» жаңа антологиясы, «Казахско-американские литературные связи: современное состояние и перспективы», «Мировой литературный процесс ХХI века», «Мировой литературный процесс: контент, направления, тренды» оқу құралы ұжымдық монографиялары бар. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты авторларының қатарында АҚШ, Ресей, Қытай, Молдова, Литва, Беларусь, Қарғызстан және басқа елдердің әдебиеттанушылары мен ғылымдары бар.
Іс-шараның соңында модератор Жаннат Шарапханқызы барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, студенттерге болашақта бәсекеге қабілетті маман болуына сәттілік тіледі.
Еркенұр Ерзия