Алматылық ассамблеялықтар белсенді

Алматы - 1 млн. 500 мың адамнан астам тұрғындары бар елдің ең үлкен мегаполисі. Бұл жерде 120-дан астам этнос өкілдері тұрады.

Алматы қалалық ҚХА құрамына 34 қалалық этномәдени бірлестік(ЭМБ) кіреді, олар білім, ұлттық мәдениетті, дәстүрлерді, тілдерді дамыту мәселелерімен айналысады және мәдени аралық әркелкілікті қалыптастыру мен этносаралық қарым-қатынастарды нығайтуда басты рөл атқарады.

Әрбір ЭМБ-те өз қоғамдық құрылымы бар, ол: ақсақалдар, әйелдер кеңестерінен, ЭМБ жастар қанаттарынан, шығармашылық ұжымдардан және т.б. тұрады.

Жылына бір рет, сондай-ақ қажеттілігіне қарай Алматы қалалық ҚХА сессиясы өткізіледі, онда біздің Отанымыздың елордасы - Астана қаласы Бірлік және Келісім сарайында өткізілетін Ассамблея сессияларында берілген ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмаларын іске асыру бойынша маңызды мәселелер қаралады.

Қалада бес театр қызмет етеді. Атап айтқанда М. Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театры, М.Лермонтов атындағы мемлекеттік орыс драма театры, Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік Ұйғыр музыкалық комедия театры, Республикалық мемлекеттік Корей музыкалық комедия театры және де Республикалық неміс драма театры.

Қалада этникалық топтардың өкілдеріне ана тілін үйретуге арналған 12 жексенбілік мектеп жұмыс істейді, оларға жергілікті бюджеттен көмек көрсетіліп, Алматы қаласының әкімдігі қаржы бөледі. Қаланың 7 ауданында Қоғамдық келісім кеңестері құрылды. Кеңестер қызметінің негізгі мақсаты: әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылуы үшін жағдай жасау, Алматы қаласы аудандары тұрғындарының қоғамдық келісімін қамтамасыз ету, ұлт бірлігінің негізінде қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, қазақ халқының біріктіруші рөлі кезіндегі жалпы құндылықтарды нығайту болып табылады.  Алматы қалалық ЭМБ қоғамдық келісімді нығайтуға арналған мемлекеттік және қалалық мерекелерге, фестивальдарға, конкурстарға, дөнгелек үстел, ғылыми-тәжірибелік конференциялар және басқа да іс-шараларға белсенді қатысады. Бұл, 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлік күні, Наурыз мейрамы, ҚР Конституциясы күні, ҚР Тәуелсіздік күні, Тіл мерекесі және т.б. іс-шаралар.

Алматы қалалық ҚХА Хатшылығының және этномәдени бірлестіктердің бастамасы бойынша балалар, тұрмысы төмен және мұқтаж адамдар үшін Қайырымдылық іс-шаралары жиі өткізіледі.

Еркенұр Ерзия

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста