Алматыдағы Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Университеті 20 сәуірде Наурыз мейрамын кең көлемде, өте жоғары деңгейде өткізді. Шараға Оңтүстік Корея, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясынан келген қонақтар қатысып, қазақ халқының салт-дәстүрімен, мәдениетімен танысты. Осы мерекеде халықтар арасындағы байланыстың, татулықтың, бірліктің бар екені айқын аңғарылып тұрды.
Алматыда өтіп жатқан мерекелердің қайсын алып қарасаңыз да, әр ұлттың өкілдері бас қосқан мамыражай тіршіліктің, достықтың, этномәдени бірлестіктер арасындағы тығыз байланыстың лебі есіп тұрады.
Бұндай мейрамды ұйымдастыруға білім ордасының барлық профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты. Жоғары оқу орнымыздың ақсақалдары Қазақстан Республикасы шаңырығының астында тату тұрып жатқан барлық қазақстандарға саулық пен өркендеуді тілеп, батасын берді.
Ауыл-шатырлардың астында қазақ халқының салт-дәстүріндегі мерекелік шаралар орын алды: әдет-ғұрыптар еске алынды, студенттер мен мұғалімдер таңдаулы тағамдардың рецептерімен бөлісті. Оңтүстік Корея, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясынан келген қонақтар Наурыз-көженің дайындалуы туралы мастер-класстар алды. Ал студенттерді университетіміз дайындаған мерекелік палау мен бауырсақтар күтіп тұрды. Шығармашылық коллективтер дайындаған концерттік бағдарлама барлығын ықыласқа бөледі.
Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ 14 беделді Халықаралық ассоциацияның мүшесі. Атап айтар болсақ Университеттердің Халықаралық ассоциациясы (ЮНЕСКО), Eurasia-Pacific United ассоциациясы, Туризм бойынша үш Халықаралық ассоциацияның (ATLAS, AMFORTH, EURHODIP), франкофондық университеттердің Халықаралық ассоциациялары (AUF), Жоғары мектеп ғылымдары халықаралық академиясы, Халықаралық қатынастар мектептері (МГИМО) ОӘБ ассоциациясы, ММЛУ ассоциациясы, Еуропалық тілдік кеңесінің (ELC) ассоциациясы, ШЫҰ-ына мүше елдердің гуманитарлық университеттері консорциумының, ЕврАзЭС-ке мүше елдердің лингвистикалық университеттері консорциумының, Бельгия EUPRERA (The European Public Relations Education and Research Association) ассоциациясының, The European Association for International Education (EAITE) ассоциациясының мүшесі.
Міне осы деректен-ақ бұл оқу орнының халықтар достығын дамытудағы атқарып отырған міндеті орасан зор екенің байқауға болады.
Алаш айнасы