Ынтымақ пен бірліктің, халықтар достығының алтын бесігіндей болған Алматы қаласындағы «Достық» үйінде Ұйғыр этномәдениет орталығы басқармасының кеңейтілген мәжілісі өтті. Жиынға ғалымдар, зиялылар, ұстаздар мен журналисттер қатысты. Мәжліс жүргізушісі «Ұйғыр авази» газетінің бас редакторы Ершат Әсмәтов жииналғандарға бүгінгі мәжілістің күн тәртібін таныстырды. Жиында латын әліпбиіне көшу мәселесі талқыланып және «Ұйғыр авази» газетінің 100 жылдық мерейтойы мәселелері талқыланды.
Жиында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжлісінің депутаты Шаһимәрдан Нурумов сөз алды.
Барлығыңызға мәлім, осыдан алты ай бұрын Қазақстан Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев латын қаріпіне көшу туралы мәлімдегеннен кейін Ұйғур этномәдениет бірлестігі бұл мәселені ортаға қойди. Ұйғыр этномәдениет басқармасының кеңейтілген мәжілісінде осы мәселе талқыланып, Қазақстан ұйғырлары да латын әліпбиіне өтеміз деп шешті. Бұл жөнінде «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ұйғыр авази», «Литер» газеттерінде мақалалар жарияланды.
Жиын барысында «Ұйғыр авази» газетінің 100 жылдық мерейтойын өз дәрежесінде өткізу үшін комиссия құрылды. Жиында Рошәнгүл Авакова, Алимә Дилинур Қасимова, Турсун Садиров, Абдуллаҗан Самсақов, Малик Мәһәмдинов, Абләһәт Камалов, Валерий Мәхпиров, Алимжан Тиливалди, Арзигүл Абдримова, Мухтәржан Жумаровмутар қаралып жатқан мәселелер туралы өз ойларын ортаға салды.
«Қазақстанда ұйғыр тіліндегі басылым сонау 1918 жылы дүниеге келген. Алайда «Садаий таранчи» («Дехқандар дауысы») атымен жарық көрген басылымның өмірі ұзақ болған жоқ. Араға біраз уақыт салып, яғни 1921 жылы белгілі қоғам қайраткері Абдулла Розыбақиевтің бастамасымен және тікелей басшылығымен «Кәмбәғәлләр авази» («Кедейлер дауысы») деген атпен жаңа газет пайда болды. Әртүрлі саяси кезеңдерге байланысты оның аты да «Колхозчилар авази» («Колхозшылар дауысы»), «Йеңилиқ авази» («Жаңалық дауысы»), т.б. деген сияқты бірнеше рет өзгерді.
Өткен ғасырдың бірінші жартысында Жетісу өңірінде ұйғыр тілінде бірнеше газет-журнал жарық көрді. Ал «Ұйғыр авази» газетіне келетін болсақ, оның негізі 1957 жылы 1 наурызда қаланған еді. Сол кездегі заман талабына сай оған «Коммунизм туғи» («Коммунизм туы») деген атау беріліп, ол 1991 жылға дейін сол атаумен шығып келді. Социалистік жүйе күйреген кезде, бұдан әрі қарай коммунизм туын көтерудің мәні қалмағандығы түсінікті болды. Осыған байланысты газет атауы журналистер және көпшіліктің қолдауымен «Уйғур авази» («Ұйғыр дауысы») болып өзгертілді. Шын мәнінде бұл газет жоғарыда аталып өткен ұйғыр тіліндегі басылымдардың ішінде ең тұрақты және салмақты болып саналған «Кәмбәғәлләр авази» газетінің жалғасы болуы керек еді. Бұл туралы Қазақстан Журналистер академиясының президенті, белгілі қаламгер Сағымбай Қозыбаев мырза да айтқан болатын», - деп газет тарихы туралы әңгімелеген еді Мұхтаржан Жумаров өзінің ілгеріде берген бір сұхатында.
Жалпы ұйғырлар туралы айтар болсақ – біздің еліміздегі негізгі этностардың бірі. Олардың негізгінен Алматы облы¬сы мен Алматы қаласы көптеп шоғырланған. Еліміздің қалған өңірлерінде олардың саны аса көп емес.
Ұйғырдың тілі түркінің қарлұқ тобына жатады. Соның ішінде Хотан, Тұрфан, Қашқар тіл диалектілері көп тараған. Қазақстандық ұйғырлар Жетісу говорымен сөйлейді.
Өзінің ұзақ ғасырлық тарихында ұйғырлар бастарынан қилы-қилы қиын¬дықтарды өткерген халық. Соны-мен бірге бірнеше мемлекеттік құрылымдар жасап, ұлы көштің бойында өз өрнектерін қалдырып отырған. Олардың арғы ата-тегі біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырлардан белгілі болған ғұндар тайпасына жатады. Одан кейінгі бабалары гаогюй деп аталған. “Ұйғыр” деген этноним VІІІ ғасырдағы Орхон-Енисей жазуларынан белгілі. Алғашқы ұйғыр қағанаты Хантайда 323 жылы құрылған деген дерек бар. Ол 200 жылға жақын өмір сүріпті. Ал V-VІІІ ғасырларда ұйғырлар Жуань-жань, соңынан Түрік қағанатының құрамында болды. VІІІ ғасырдың ортасында Селен, Орхон, Тола өзендерінің аңғарында болған Түрік қағанаты ыдырағаннан кейін ұйғырлар өз бірлестігін құрады. Бірақ 840 жылы бұл қағанатты Енесай қырғыздары (хакастар) талқандап, жер бетінен жояды. Осы кезден ұйғырлар Шығыс Түркістанға ауа көшіп, Тұрфан оазисінде (847-1369) және Гансуде (847-1036) екі тәуелсіз мемлекет құрады. Соның Гансудегісін таңғұттар жойса, Тұрфандағысын ХІV ғасырда Қашқарияны түгел жаулап алған моңғолдар Шағатай ұлысына қосып жібереді. Одан кейін ұйғырлар Ұлы Моғолстан мемлекетіне, одан берірек Жоңғар хандығына қарады. Осы жылдарда ұйғырлар арасында будда діні тарады. Айта кететін жәйт, Қашқар мен Қотанның біраз жеріндегі ұйғырлар Қараханид мемлекетіне де қараған. Ұзаққа созылған жат жерлік басқыншылардың, қала берді өзара қырқысқанның кесірінен ХV ғасырларда “ұйғыр” этнонимі қолданыстан да шығып қалған кездер болды. Оларды тек тұрған жерімен “қашқарлық”, “тұрфандық”, “хотандық”, ал Іле өзенінің аңғарында тұрған¬дарды “тараншылар” (жер игеру¬шілер) деп атау орын алған.
Алаш айнасы