Алматыдағы Достық үйі татулық пен бірліктің бастауы

Алматыдағы Достық үйі татулық пен бірліктің бастауы

Бұдан 27 жылға жуық уақыт бұрын, яғни 1991 жылы 21 желтоқсанда Қазақстан Президентінің бастамасы бойынша 11 елдің мемлекет басшылары жиналып, Алматы Декларациясына қол қойған болатын. Яғни, жиырма жеті жылдай бұрын ТМД елдері арасындағы қазіргі достық байланыстың іргетасы қаланды. Осылайша берік негізде этникааралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық озық үлгісі қалыптасты.

«Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тарихи дәстүрі осы қабырғадан бастау алды. Сондықтан, Достық үйінде Алматыдағы этномәдени орталықтың өкілдері бұл ұлы дәстүрді нақты істерімен жалғастыра беретініне сенемін», – деген болатын Нұрсұлтан Назарбаев аталған кездесуде. Сондай-ақ Президент ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдерімен әңгіме барысында Қазақстанның ұлтаралық саясаттағы басым бағыттары әлемдік қауымдастықта қолдау тауып отырғанын айта келіп: «Біз ешкіммен кикілжіңге барған жоқпыз. Осының бәрі ішкі ахуалмен байланысты. Еліміздегі дін өкілдері тату, ұлт пен ұлыстар тілі мен ділін сақтап, ауызбіршілікте өмір сүріп отыр. Тыныштығын сақтай білген кез келген гүлдене бермек», – деді. Алматылық өзге ұлт өкілдері де Елбасының бұл пікірін қолдады. 

Асылы ОСМАН, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі:

«Достық үйі»  – Қазақстандағы бірлігіміздің, тыныштығымыздың, туыстығымыздың өзегі болып отыр. Міне, Қазақстан басқа елде кездесе бермейтін қамқорлыққа барып, өзге ұлттың өкілдеріне үлкен көмек көрсетуде».

Екатерина УТЕНКОВА, Орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының мүшесі:

«Қазақстан халқы – ең қонақжай халық. Біз ылғи жайдары жүреміз, мұңаятын кезіміз аз. Бұл мінез бізге қазақ халқынан дарыды деп ойлаймын».

Любовь НИ, Республикалық корей театрының директоры:

«Біздің мәдениетімізге жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Корей мәдениетінің өзіндік қолтаңбасы бар, соны сақтап, дамытуға мүмкіндік алып отырмыз. Біз әрдайым қазақ халқымен біргеміз.»

Керек дерек

Ұлттар достығын сақтауда Алматыдағы "Достық үйінің" маңызы зор! «Достық үйінің» ғимараты 1972 жылы бой көтерді. 1999 жылдың 22-маусымында Үкімет қаулысына сәйкес Достық үйі ғимаратына «Қазақстан халқы ассамблеясы» жетекші органы орналасты. Аталған ғимаратта 19 этно-мәдени орталық, 9 мемлекеттік және туған тілді оқыту бойынша дәстүрлі мектеп жұмыс істейді.

Еркенұр Ерзия

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста