Алматыда ұйғыр этномәдени орталығы Елбасының жолдауын талқылады

Алматыда ұйғыр этномәдени орталығы Елбасының жолдауын талқылады

Еліміздегі ұйғыр халқы да Елбасы Жолдауын жан-жақты талқылап, барынша қолдау білдіріп, өз үлестерін қосуға дайындық жұмыстарын бастап кетті, - деп хабарлайды Алаш айнасы.
Кеше Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығының Жолдауды талқыға салған кеңейтілген жиыны болды.
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚХА кеңісінің мүшесі, Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдениет орталығының төрағасы Шаймардан Нурумов жиналысты жүргізіп басқарма мүшелеріне Жолдауды жан-жақты түсіндіріп, талқылады. Ол өз сөзінде «Біз дана Елбасымыздың саясатына қолдау білдіріп, аз ғана уақыттың ішінде дамып келе жатырмыз. Әсіресі әр этносқа берілген мүмкіндіктер пайдаланылып, Қазақстан халқының бірлігін сақтап, халқымыздың әл-ауқатын жақсарттық», – деді.
Жиында 2019 жылдың Жастар жылы деп жариялануына байланысты, Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығынының мүшелеріне жастар тәрбиесіне бұрынғыданда көп көңіл бөліну керектігі жөнінде айтылып, Қазақстан Ұйғыр Жастарының Бірлестігіне іс-шаралар мен жұмыстар кестесін әзірлеуге тапсырмалар берілді. «Президентіміз оқу және білім мәселесіне ерекше тоқталды. Үш жылдың ішінде білім мен денсаулық сақтау саласына ішкі жалпы өнімнен 10 пайыз жұмсалатынын айтты. Осы категория бойынша: Еліміздегі мектептер мен балабақшалар түгелдей бейнебақылау жүйесімен қамтылады 2019 жылы еліміздің әрбір аймағында жастар үйлері ашылуы мүмкін», – деп атап өтті Қазақстан ұйғырларының этномәдени орталығының төрағасы.
Сонымен қатар, Жолдауға қатысты этномәдени бірлестіктері жанындағы кеңес төрағалары, басқарма мүшелері және жастар өз пікірлерін білдіріп сөз сөйледі. Олар «Елбасы Жолдауында қоғамның даму барысы нақты айтылып, негізгі салаларға серпін беру керектігі, әсіресе білімді, медицина мен кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасалу керектігі жөнінде тапсырмалар берілді. Біздің ендігі міндетіміз соларды бірігіп орындауға күш салу, қолдау білдіру» деген ойларын ортаға салды.
Жиналыс соңы ұйымдастырушылық мәселелерді талқылау мен басқарма мүшелеріне жаңа мүшелерді қабылдауға ұласты.

Нұрлы Еділов
 

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста