Қазақстанның мәдени астанасында Қала күні аясында 25-26 тамызда дәстүрлі ашық аспан астындағы музыкалық фестиваль «Алматы-Көк-Төбе опера-2018» өтеді.
«Бұл - Қазақстанның оңтүстік астанасындағы ең маңызды фестивальдардың бірі, мұнда операның үздік солисттері мен шақырылған жұлдыздарының дауысы естіледі, сондай-ақ, Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен әлемдік балеттік нөмірлерді көруге болады», - деп түсіндірді Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы.
Дирижер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен, Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрі әлемдік классикалық музыка өнерінің туындыларын орындайды.
Фестивальге Италияның теноры, «Опера Оскары» («Oscar Della Lirica») сыйлығының «Жаңа ұрпақ» номинациясы бойынша жеңімпазы Винченцо Констанца тамашалауға келеді.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы күнін мерекелеу аясында мегаполисте 100-ден астам іс-шара жоспарланған, онда түрлі елдердің әртістері қатысады. Бағдарламада «Көк-Төбе Опера-2018» классикалық музыка фестивалі, Халықаралық «ARTBAT fest» заманауи өнер фестивалі, ашық аспан астындағы «Оркестрлер фестивалі» атты оркестрлік музыка фестивалі, «KITAP FEST» кітаптар фестивалі, «Family Festival» атты отбасы күні, халықаралық «Almaty garden show» бақшалар фестивалі, Қазақстандық «GAKKU дауысы» музыкалық фестивалі, қалалық дәстүрлі «ALMA Fest» алма фестивалі, Muzzone Dance Party, халықаралық «Mural» монументалды және сәндік өнер фестивалі, мото фристайл «Red bull FMX JAMS», «Almaty Film Festival», «Junior Eurovision» жобасы, Алатау ауданының 10 жылдық мерейтойын атап өту, «Almaty Fest Big City Picnic», кілем бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі, «Қазақстан Камерата» мемлекеттік оркестрінің өнер көрсетуі және т.б. іс-шаралар өтеді.
Алматыда Қала күні аясында IIІ-ші жыл сайынғы «Алматы Көктөбе-Опера-2018» ашық аспан астындағы музыкалық фестивалі өтеді
Читайте также
Алматы қаласының этномәдени бірлестіктерін қолдау мен ынтмақтастық мәселелері сөз болды
Алматыдан соғысқа аттанған жауынгердің сүйегі 74 жылдан кейін Алматыға жеткізілді
Қазақстан мен Өзбекстанның аграрлық жоғары оқу орындары әріптестік байланыстарын нығайтуда
Ел бірлігі - халықтар достығында
Дүнген ұйғыр орталығының «Көктемнің шабыты» концерті өтті
«Біздер – қазақтар қызық халықпыз ғой өзі»
Последние статьи автора